Боливия-Перу қатынастары — Боливия мен Перу арасындағы екіжақты дипломатиялық қатынастар. Екі ел арасындағы мемлекеттік шекараның ұзындығы 1212 км.

Тарихы 1836–1839 жылдары бұл екі мемлекет біртұтас Перу Боливия Конфедерациясы деген мемлекет құрамында болды. Оның басшысы және конфедерация идеясының негізгі идеологы сол кездегі Боливия президенті Андрес де Санта Крус болды. Конфедерацияға қарсы перуандық саясаткерлердің бірқатары Чилиге қашып барып, онда Чили үкіметіндегі бір министрден қолдау тапты. Олар бірігіп әскери экспедиция құрды, бірақ Санта Крус әскерлері оларды қоршап, берілулеріне мәжбүр етті. Екінші экспедиция сәттірек болып, 1839 жылғы 20 қаңтарда Юнгай түбіндегі шайқаста Санта Крусты жеңді, соның нәтижесінде конфедерация таратылды. 1841–1842 жылдары Боливия мен Перу соғыс жағдайында болды, ол тең нәтижемен аяқталды.Luis Cavagnaro Orellana (2002). Albarracín. La portentosa heroicidad

1992 жылғы 24 қаңтарда Перу Боливияға Ило қаласынан 17 шақырым жердегі жағалау бөлігін жалға берді. Бұл аумақ Боливияның өз өнімдерін халықаралық нарықтарға экспорттауы үшін пайдаланылуы тиіс еді. 2009 жылғы мамырда Перу Боливиядан қашқан бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларға саяси баспана бергеннен кейін екі ел арасында дипломатиялық жанжал туындады. 2010 жылғы қазанда Боливия президенті Эво Моралес пен Перу президенті Алан Гарсия Боливияға Ило маңындағы жалға алынған жер учаскесінде шағын порт салуға және пайдалануға құқық беретін келісімге қол қойды. Алайда, 1992 жылдан бері Боливия бұл аумақта инфрақұрылым дамыту бойынша нақты қадамдар жасамағанын ескергенде, осындай ауқымды жобаға қажетті инвестицияларды тарта ала ма деген күмән бар.

Дереккөздер

Санат:Боливия екіжақты қатынастары Санат:Перу екіжақты қатынастары