thumb|left Теріс пен Кайкос – Кариб теңізі алабындағы аралдар тобы, Ұлыбританияның иелігі. Теріс пен Кайкос Багам аралдары тізбегінің жалғасы болып табылады, 30-дан астам аралдан құралған. Оның 8-іне адамдар қоныстанған. Екі аралдық топ 35 км-лік Теркс-Айленд деп аталатын бұғазбен бөлінген. Бұғаздың ең терең жері 2200 м-ге дейін жетеді. Аралдар рифтермен қоршалған. Аумағы 430 км², халқы 17000 адам (2005). Әкімшілік орталығы Коберн-Таун. Аралдардың климаты жылы, айлық орташа температурасы жыл бойы 24 – 32С аралығында болады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 540 – 720 мм аралығында. Аралдарда ауыз судың тапшылығы байқалады. Негізгі табысты туризмнен, балық аулаудан, қаржылық қызметтен табады. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

Сілтемелер Багам аралдары Кариб теңізі Ұлыбритания

Дереккөздер

Санат:Кариб елдері Санат:Аралда орналасқан елдер Санат:Ұлыбритания Санат:Тәуелді аймақтар