thumb|Вашингтон университеті кампусындағы тротуарда салынған «6-7» жазуы бар бор өнері «6-7» («сикс сэвэн» деп оқылады; 67, 6 7 және 6, 7 деп те жазылады) — 2025 жылы TikTok пен Instagram Reels-те пайда болған интернет-мем және жасөспірімдер сленгі термині. Бұл фразаның нақты тұрақты мағынасы жоқ.

Бұл сөз тіркесі орындаған «Doot Doot (6 7)» әнінен шыққан. Ән кәсіби баскетболшылардың, әсіресе бойы 6 фут 7 дюйм (2,01 метр) деп көрсетілетін Ламело Боллдың видеоларында кеңінен таралу арқылы танымал болды. Мемді одан әрі кеңінен танытқан жайт — лигасының ойыншысы Тейлен «TK» Киннидің бұл тіркесті жиі қолдануы болды. 2025 жылғы наурызда Мэверик Тревиллиан есімді бала баскетбол ойынында бұл сөзді айғайлап, ерекше қимыл жасаған сәтінің вирустық видеоға айналуынан кейін «67 Kid» () ретінде танымал болды.

Бірқатар ақпарат құралдары бұл мемді «брейнрот» құбылысымен — сапасы төмен цифрлық контент түрімен байланыстырады. Кейбір сарапшылар оны Альфа буынының интернет мәдениетіне белсенді түрде еніп келе жатқанын көрсететін белгі ретінде қарастырады.

Шығуы және таралуы thumb|2025 жылғы Хэллоуинге арналған 6-7 ойылған асқабақ шамы Сленг «Doot Doot (6 7)» атты дрилл-рэп жанрындағы әннен шыққан. Бұл әнде америкалық рэпер келесі жолдарды орындайды: «… I know he dyin' (oh my, oh my God) 6-7, I just bipped right on the highway (Bip, bip)», — дәл осы кезде бит күшейеді.

Әндегі «6-7» санының мағынасы анық емес: кейбіреулер оны Skrilla туған Филадельфиядағы 67-көшеге, басқалары Чикагодағы 67-көшеге байланыстырады. Лингвист және афроамерикалық ағылшын тілі жөніндегі маман Тейлор Джонс бұл тіркес «10-67» коды — полицияның өлім туралы хабарлау үшін қолданатын радио кодына сілтеме болуы мүмкін деп болжайды. Бұл түсіндіру ән жолдарында аталған атыс қаруы туралы контекстпен және Джонстың пікірінше, баяндаушының жол полициясы тоқтатқан кезде өзін кінәсіз етіп көрсетуге тырысқан көрінісімен сәйкес келеді. Ал Skrilla-ның өзі: «Мен оған ешқашан нақты мағына жүктеген жоқпын және әлі де жүктегім келмейді», — деп мәлімдеген.

Ән 2024 жылдың желтоқсанында бейресми түрде жарық көрді (ал ресми түрде — 2025 жылғы 7 ақпанда). Көп ұзамай әннің дыбысы кәсіби баскетболшылардың видеоларында кеңінен қолданыла бастады, әсіресе бойы 6 фут 7 дюйм (2,01 м) болатын Ламело Боллдың видеоларында.

Әннің ресми емес шығарылымынан бірнеше апта өткен соң, Overtime Elite лигасында ойнайтын жас баскетболшы Тейлен Кинни әлеуметтік желіде Starbucks сусынын «six, seven» деп бағалап тұрған видеосы таралғаннан кейін осы тіркеспен тығыз байланысты тұлғаға айналды. Overtime Elite контентінде бұл сөзді жиі қолдануы оған «Mr. 6-7» ( деген лақап ат әкелді, кейін ол «6-7» брендімен консервіленген су желісін шығарды.

Мем NBA-дағы үздік сәттерде, WNBA баспасөз конференцияларында, NFL ойындарындағы тачдаун тойлауларында және тіпті бұрынғы NBA жұлдызы Шакил О’Нил секілді танымал адамдар тарапынан да қолданылды — О’Нил тіркестің мағынасын түсінбейтінін айтса да, мемге арналған видеоға қатысқан. Спорт саласынан тыс, әлеуметтік желі пайдаланушылары мемді, мысалы, емтиханнан 67% алғанына әзіл ретінде және басқа байланыссыз жағдайларда да қолдана бастады.

«6-7» сленгінің ерекшелігі оның офлайн ортада, әсіресе мектептерде кең таралуына мүмкіндік берді. Кейбір мектептерде оның жиі қолданылуы сабаққа кедергі тудырғандықтан, бұл сөзді айтуға тыйым салынған. Бұл сандар белгілі бір нақты мағынасыз қолданылады және Альфа буынына тән «ішкі қалжың» рөлін атқарады. «Mason» () деген ат кейде осы сленгті шамадан тыс қолданатын стереотипті ақ нәсілді жасөспірімді сипаттау үшін пайдаланылады.

67 бала thumb|245x245px|«67 бала» Венистағы (Калифорния) фан кездесуде, 2025 жыл 2025 жылғы 31 наурызда YouTuber Кэм Уайлдер «My Overpowered AAU Team has Finally Returned!» атты видеосын жариялады. Бұл видеода кейін «67 Kid» () деген лақап атқа ие болған Мэверик Тревиллиан камераға жақындап, алақандарын жоғары қаратып қолдарын жоғары-төмен жылжытып, «six seven» деп айқайлайды.

2025 жылғы тамызда әлеуметтік желі қолданушылары Тревиллианның бейнесін бұрмалап, оғаш немесе гротеск сипатта көрсететін, аналогтық қорқыныш стиліне ұқсас фото-редакциялар жасай бастады. Бұл мем «SCP-067 Kid» деп аталып, SCP Foundation — фантастикалық паранормалдық объектілер туралы бірлескен көркем жоба — стилистикасын сатиралық түрде пародиялайды. «SCP-067 Kid» жоба канонында бар «SCP-067» объектісімен шатастырылмауы керек, себебі канондағы нысан — ерекше қасиеті бар қалам.

Тағы қараңыз Skibidi Toilet

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Мемді бастаған оригинал TikTok видео

Санат:Интернет жаргондары