Саид Баязитов (1929, Қызылорда облысы Сырдария ауданы-1981)- жазушы.

Ұлты татар болғанмен, шығармаларын қазақ тілінде жазды. 1953 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын бітірген. 1953 — 1957 жылдары орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің мүғалімі, 1957 — 1961 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Қызылордадағы облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі, 1961 — 1963 жылдары Мәскеудегі Жоғары әдебиет курсының тыңдаушысы болған. Еңбегі 1954 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан балаларға арналған «Күтпеген кездесу» деген алғашқы әңгімелер жинағы жарық көрді. «Арал Робинзондары» (1956), «Бала-қалам» (1959) әңгімелері, 1960 жылы ересектерге арналған «Тюльпандар гүл шашқанда» әңгімелері, «Хрусталь алқалар» (1965), «Айдарлыдағы кездесу» (1967) атты повестері, «Алтын кілт» әңгімелер жинағы (1976) шыққан.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II томҚазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:1929 жылы туғандар Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:1981 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Татар жазушылары