Бұл мақала 2022 жылы Ресей Федерациясының Украинаға кең ауқымды шабуылының хронологиясының бөлігі болып табылады.
Айлар бойынша мақалалар тізімі +2022 жыл2023 жыл2024 жыл2025 жыл—Қаңтар 2023Қаңтар 2024Қаңтар 2025Ақпан 2022Ақпан 2023Ақпан 2024Ақпан 2025Наурыз 2022Наурыз 2023Наурыз 2024Наурыз 2025Сәуір 2022Сәуір 2023Сәуір 2024Сәуір 2025Мамыр 2022Мамыр 2023Мамыр 2024Мамыр 2025Маусым 2022Маусым 2023Маусым 2024Маусым 2025Шілде 2022Шілде 2023Шілде 2024Шілде 2025Тамыз 2022Тамыз 2023Тамыз 2024Тамыз 2025Қыркүйек 2022Қыркүйек 2023Қыркүйек 2024Қыркүйек 2025Қазан 2022Қазан 2023Қазан 2024Қазан 2025Қараша 2022Қараша 2023Қараша 2024Қараша 2025Желтоқсан 2022Желтоқсан 2023Желтоқсан 2024—
1 қараша РФ Қарулы күштері Покровскінің орталық және оңтүстік бөліктерінде алға жылжыды.
3 қараша РФ Қарулы күштері Мирноградтың оңтүстік бөлігінде алға жылжыды.
4 қараша Геолокацияланған кадрлар РФ Қарулы күштерінің Покровскінің солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және солтүстік бөліктерінде алға жылжығанын растайды.
8 қараша Түнде Ресей Федерациясының Қарулы күштері Украина энергетикасына бағытталған ең ауқымды шабуылдардың бірін жасады. Украинаның Әуе күштерінің мәліметінше, шабуыл кезінде 458 ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылған, олардың 406-сы атып түсірілді, сондай-ақ әртүрлі типтегі 45 зымыран ұшырылып, олардың 9-ы жойылды. Шабуыл бес облыстағы энергетикалық нысандарды, соның ішінде Хмельницкі және Ровно атом электр станцияларына қуат жеткізген қосалқы станцияларды зақымдады. Нәтижесінде: «Центрэнерго» компаниясының Триполь және Змиев жылу электр станцияларының жұмысы тоқтатылды; ДТЭК компаниясының бір жылу электр станциясы зақымданды; Киев, Харьков, Кременчуг, Полтава және Чернигов қалаларында электрмен, сумен және жылумен қамтуда айтарлықтай ақаулар тіркелді. Полтава облысындағы жағдай ауыр күйінде қалды. Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, зымырандардың бір бөлігі атып түсірілгенімен, баллистикалық және аэробаллистикалық зымырандарға қарсы тұру әлі де күрделі міндет болып отыр, сондықтан елге әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейту қажет.
11 қараша РФ Қарулы күштері Гуляйполеден солтүстік-шығыста орналасқан Охотничье елді мекенін алды.
14 қараша Ресей Украинаға қарсы кең көлемді соққы жасады, ол ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандар қолдану арқылы жүзеге асырылды. Украин тарапының мәліметінше, 430 ұшқышсыз ұшу аппараты және 19 зымыран ұшырылған. Шабуылдың негізгі бағыты — Киев. Қалада қуатты жарылыстар болды, барлық аудандарда қиратулар тіркелді, алты ауданда тұрғын үйлер зақымданды. Қала әкімі Виталий Кличконың айтуынша, бір ұшқышсыз аппарат тікелей Лесной тұрғын алабындағы тоғыз қабатты үйге соғылған. Жылу желілері зардап шекті. Зымырандардың бірінің қалдықтары Әзербайжан елшілігін зақымдаған; осыған байланысты елдің Сыртқы істер министрлігі Ресейдің елшісін шақырып, оған нота тапсырды. Жалпы алғанда Киевте кемінде 6 адам қаза тауып, 36 адам жарақат алған.
Киев облысында 6 адам зардап шеккені хабарланды. Энергетикалық нысандарға жасалған соққылар Донецк, Одесса және Киев облыстарында электрмен жабдықтауда ақауларға әкелді. Бұдан бөлек, Одесса облысындағы Черноморск қаласында базарға жасалған ұшқышсыз ұшу аппаратары соққылары салдарынан 2 адам қаза тауып, 7 адам жараланды.
15 қараша Түнгі ресейлік шабуылда 3 Х-47М2 «Кинжал» зымыраны және 135 дрон қолданылды. Екі зымыран және 91 дронның атып түсірілгені немесе басып-жаншылғаны хабарланды. Днепропетровск облысында бір адам қаза тапты. Харьков облысында FPV-дронның қызметтік автокөлікке соққы беруі салдарынан тағы бір адам (полиция қызметкері) қаза болды
Ресей Қорғаныс министрлігі 64 украин дронының ұсталып, жойылғанын мәлімдеді. Украин армиясы Рязань мұнай өңдеу зауытына соққы жасады, жарылыстар мен өрт тіркелді
РФ ҚК Гуляйполе бағытындағы Ровнополь елді мекенін бақылауға алғаны хабарланды.
Дереккөздер
Санат:Ресейдің Украинаға басып кіруі