«Гримсби энд Дистрикт» (;) — Англияның Гримсби қаласында орналасқан футбол клубы болды.
Тарихы Гримсби энд Дистрикт клубы 1882 жылы құрылды. 1883–84 маусымының басында клуб 1878 жылы құрылған Уайт Стар клубын өз құрамына қосты. Біріккен жаңа клуб Уайт Стар құрамынан келген жетекші ойыншылар Дж. Эллис пен Р. Фанторптің қосылуы арқасында күшейе түсті. Екеуі де кейін команда капитандары атанды. Біріккен клубтың алғашқы ойыны 1883 жылдың қазанында Халл қаласының Блю Стар командасына қарсы өтті.
Көп ұзамай клуб ең ірі жеңісіне қол жеткізді. 1883 жылы қараша айында Лаут Тринити Рекреейшн командасын 13:0 есебімен ойсырата жеңді, ал Рейнс сол ойында 8 гол соқты. Маусым соңында клуб өзінің жалғыз трофейін — Hospital Cup жеңіп алды, кейін оны Линкольншир Футбол қауымдастығына жыл сайын жасөспірімдер командалары арасында сарапқа салынатын жүлде ретінде қайтарды.
Гримсби энд Дистрикт 1886–87 маусымынан кейін тарадыThe club is listed as existing in the 1887 Charles Alcock yearbook but not in the following year's., клуб жайлы соңғы мәлімет сол маусымдағы Линкольншир аға кубогының бірінші кезеңіне қатысуы болдыThe score is unavailable, but opponents Grantham Town reached the fourth round.. Гримсби Таун кәсіби клубқа айналып, 1888–89 маусымында Футбол Комбинациясына қабылданғандықтан, қаланың ішінде екінші кәсіби клубтың дамуына мүмкіндік болмады.
Жетістіктері
Дереккөздер
Санат:Англия футбол клубтары