2025 жылғы 19 қазанда Париждегі Лувр мұражайында ұрлық орын алды. Таңғы сағат шамамен 9:30-да қылмыскерлер терезе арқылы Денон қанатындағы №705 «Аполлон галереясына» (мұнда патша әшекейлері мен сәндік-қолданбалы өнер туындылары сақталады) кіріп, екі әйнек витринаны сындырған. Бастапқы мәлімет бойынша, олар кем дегенде тоғыз зергерлік бұйымды ұрлап кеткен.Angelique Chrisafis. Priceless jewellery stolen from Louvre in raid by ‘experienced’ thieves // The Guardian, Sun 19 Oct 2025

Бастапқы бағалау бойынша, ұрлық төрт-жеті минуттың ішінде жасалған. Ұрылар Сена өзені жағынан, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бөліктен ғимаратқа кірген. Мұражайға ену үшін жүк көлігі, құрылыс көтергіші мен темір кескіш құрал пайдаланылған. Le Parisien газетінің хабарлауынша, қылмыскерлер құрылысшы киімін және сары шағылыстырғыш жилет киген. Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньестің айтуынша, қылмыс «алдын-ала барлап, өте жылдам әрекет еткен тәжірибелі топ» тарабынан жасалған.« Des bijoux d’une valeur inestimable » : le musée du Louvre cambriolé, des joyaux de la Couronne de France dérobés // Paris Match, 19/10/2025

thumb|Аполлон галереясындағы витриналардың бірі

Дәлелдер мен айғақтарды сақтау және тергеушілер мен сарапшылардың жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Лувр мұражайы толық бір күнге жабылды, ал барлық келуші ғимараттан шығарылды.

thumb|Көшеден сынған күйінде табылған Франция императрицасы Евгенияның тәжі

Көп ұзамай, мұражай маңындағы көшеден III Наполеонның жұбайы, императрица Евгенияға тиесілі тәж табылды. XIX ғасырда жасалған бұл алтын тәж 1354 гауһар мен 56 зүбаржатпен әшекейленген, алайда табылған кезде оның сынғаны анықталған.

Бұл — Луврдан өнер туындысының XXI ғасырдан бергі алғаш ұрланғаны болды. Бұған дейін 1998 жылғы 3 мамырда Камиль Короның «Севр жолы» атты картинасы ұрланған болатын.

Францияның мәдениет министрі Рашида Дати ұрлық туралы жаңалықты әлеуметтік желілерде алғаш жариялап, «Бүгін таңертең Лувр ашылған кезде тоңау орын алды» деп жазды және зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады. Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньес әлеуметтік желілерде «Луврға жасалған шабуыл — тарих пен біздің мұрамызға жасалған шабуыл» деп мәлімдеді.

Ұрланған бұйымдар thumb|Императрица Евгенияның диадемасы мен тәжін, патшайым Гортензия мен императрица Мария-Луизаның парюраларын қамтитын витрина, 2002 жыл thumb|Императрица Евгенияның диадемасы thumb|Императрица Евгенияның көйлекке тағатын үлкен банты thumb|Патшайым Гортензияның парюрасындағы диадема thumb|Патшайым Гортензияның парюрасындағы алқа thumb|Патшайым Гортензияның парюрасындағы сырғалар thumb|Императрица Мария-Луизаның парюрасындағы зүбаржат тасты алқа thumb|Императрица Мария-Луизаның парюрасындағы зүбаржат тасты сырғалар

Императрица Евгенияның диадемасы 1853 жылы III Наполеон мен Евгения Монтихоның некесінен кейін көп ұзамай Парижде жасалған. Диадема алтын жалатылған күмістен дайындалып, 212 інжу-маржанмен (соның ішінде 17 алмұрт пішінді), 1998 бриллиантпен және 992 раушан қырлы алмазбен безендірілген.Diadème de l'Impératrice Eugénie // Collections de Louvre

Императрица Евгенияның реликварий-брошы 1855 жылы зергер Поль-Альфред Бапст жасаған. Алтыннан жасалған бұйым 92 бриллиантпен, соның ішінде XIV Людовиктің камзолынан алынған екі «Мазарини» бриллианттарымен әшекейленген.Broche dite broche reliquaire // Collections de Louvre

Императрица Евгенияның көйлекке тағатын үлкен банты Екі ұзын салпыншағы бар бантик түріндегі брошь 2438 бриллиантпен және 196 раушан қырлы таспен безендірілген. 1864 жыл шамасында брошь зергері Франсуа Крамер 1855 жылы жасаған белбеуден қайта өңделген. 4000-нан астам бриллиантпен әшекейленген бұл белбеуді императрица 1855 жылғы 25 тамызда Версаль сарайында британдық патшайым Викторияның сапарына арналған қабылдауда, кейін 1856 жылы ұлының шомылдыру рәсімінде таққан.Grand noeud de corsage de l'impératrice Eugénie // Collections de Louvre

Патшайым Гортензияның парюрасындағы диадема Табиғи түсті Шри-Ланка сапфирлерімен әшекейленген сапфирлі парюраны XIX ғасырдың алғашқы ширегінде (1801–1835) белгісіз шебер жасаған деп есептеледі. Ол императрица Жозефинаның қызы, Голландия патшайымы Гортензия де Богарне үшін дайындалған болуы мүмкін. Кейін парюра патшайым Мария Амалияға, содан соң Орлеандық Изабеллаға өткен. Диадема 24 сапфирмен (10 ұсақ және 14 ірі) және 1083 бриллиантпен безендірілген.Diadème de la parure de la reine Marie-Amélie et de la Reine Hortense // Collections de Louvre

Патшайым Гортензияның парюрасындағы алқа Алқа әртүрлі көлемдегі сегіз сапфир мен 631 бриллианттан тұрады.Collier de la parure de saphirs de la reine Marie-Amélie et de la Reine Hortense // Collections de Louvre

Патшайым Гортензияның парюрасындағы сырға (жұптың біреуі) Бір дөңгелек және бір алмұрт пішінді екі сапфир және 59 бриллианттан тұрады.Boucle d'oreille, d'une paire (avec OA 11033) de la parure de la reine Marie-Amélie et de la Reine Hortense // Collections de Louvre

Императрица Мария-Луизаның парюрасындағы алқа I Наполеонның тапсырысы бойынша зергер Франсуа-Рено Нито (1779–1853) жасаған зүбаржатты парюра диадема, алқа, сырға және шаш тарағынан тұрады. Император бұл парюраны өзінің қалыңдығы Аустриялық Мария-Луизаға 1810 жылғы наурызда, үйлену қарсаңында сыйға тартқан. Басқа әшекейлерден айырмашылығы, бұл парюра императрицаның жеке меншігі болған. Алқа 32 зүбаржаттан (оның ішінде 10 алмұрт пішінді) және 1138 бриллианттан (874 бриллиант қырлы және 264 раушан қырлы) тұрады. Орталық 13,75 карат салмақты сегіз қырлы сопақ зүбаржат.Collier en émeraudes de la parure de Marie-Louise // Collections de Louvre

Императрица Мария-Луизаның парюрасындағы сырғалар жұбы Алты зүбаржаттан, оның екеуі алмұрт пішінді (45,20 карат), және 108 гауһартастан тұрады.Paire de boucles d'oreilles en émeraudes de la parure de Marie-Louise // Collections de Louvre

Дереккөздер

Санат:Әшекей бұйымдардың ұрлығы Санат:Франциядағы ұрлықтар Санат:2025 жылғы қылмыстар Санат:Париждегі қылмыстар Санат:2025 жылдағы Париж