Рауан () — қала типтес елді мекен, Өзбекстанның Ферғана облысындағы Сох ауданының әкімшілік орталығы.
Рауан ауылы барлық жағынан Қырғыз Республикасымен қоршалған Сох анклавындағы ең үлкен елді мекен. Рауан Сох өзенінің оң жағалауында, Ферғанадан 116 шақырым жерде орналасқан. Раван теңіз деңгейінен 1279 метр биіктікте орналасқан. Ең жақын теміржол стансасы Фурқат 62 шақырым жерде орналасқан. Ауыл халқының басым бөлігі тәжіктер. Халықтың көпшілігі ауыл шаруашылықпен айналысады, картоп пен жеміс өсіреді. Рауанда экологиялық ұйымдар, мектептер, лицейлер және ауылшаруашылық базарлары бар. Мәдениет сарайы, орталық стадион және ауруханалар салынды.
Аудан Өзбекстаннан оқшауланғандықтан, елдің қалған бөлігімен байланыс қиын. Бұл аймақты Өзбекстанмен байланыстыратын пойыздар немесе тұрақты автобустар жоқ. Сондықтан көліктің жалғыз түрі - жеке көліктер немесе такси.
Дереккөздер
Санат:Ферғана облысы елді мекендері