Иван Митрофанович Фетисов "Қазақ Энциклопедиясы" 9 том(21.6.1932 ж.т., Ресей, Волгоград облысы Михайловск ауданы Фетисов ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1994), профессор (1997). Волгоград ауыл шаруашылығы институтын (1961) және аспирантурасын (1966) бітірген. Волгоград облысында агроном (1961– 63), Қалмақ мелиоративтік тәжірибе станциясында бөлім меңгерушісі (1966–68), Батыс Қазақстан агротехникалық университетінде доцент (1968–97) болды. 1997 жылдан профессор қызметін атқарады. 100 ғылыми жарияланымның авторы.
Дереккөздер
Санат:1932 жылы туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Орыстар