Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы 2025 — 2025 жылы Қазақстанның атынан бокстан халықаралық жарыстарда сынға түсетін әйелдер және ерлер командасы. Ұлттық құраманың дайындығын Қазақстан Республикасының бокс федерациясы ұйымдастырады және басқарады.
Бапкерлер құрамы 2024 жылғы тамыз айынан бастап бокстан ерлер ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов. 2024 жылғы сәуір айынан бастап әйелдер құрамасының бас бапкері – Елдос Сайдалин.
Жаттықтырушылар штабы (ерлер)
Қайрат Сатжанов — бас бапкер Аскар Еркебаев — аға бапкер Ильяс Оралбеков — бапкер Нүркен Андасов — бапкер Азамат Макажанов — бапкер Талғатбек Жақпеков — бапкер Нұржан Насанов — бапкер
Жарыстар «Странджа» халықаралық бокс турнирі — 2024 жылы Болгарияның София қаласында өткен дәстүрлі халықаралық жарыс. Қазақстан құрамасы 2024 жылғы турнирде жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Қазақстандық боксшылар бұл турнирде жалпы саны 18 жүлде жеңіп алды: 5 алтын, 9 күміс, 4 қола. 2022 жылғы турнирде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль алған.
🏅 Ертуған Зейнуллинов — 63,5 кг 🏅 Төрехан Сабырхан («Үздік боксшы» атанды) — 67 кг 🏅 Абылайхан Жүсіпов — 71 кг 🏅 Сабыржан Аққалықов — 75 кг 🏅 Бекзат Нұрдәулетов — 86 кг
🥈 Даниял Сәбит — 51 кг 🥈 Серік Теміржанов — 60 кг ❌ Санжар Тәшкенбай (алғашқы жекпе-жекте саусағын шығарып алды) — 48 кг ❌ Махмұд Сабырхан (тағамдық инфекцияға байланысты рингке шықпады) — 57 кг ❌ Сағындық Тоғамбай (дайындық кезінде саусағын сындырып, турнирге қатыса алмады) — 92 кг Әлем чемпионаты 2025 — Ниш, Сербия (әйелдер) (IBA) 🥇Назым Кызайбай (48 кг) 🥇 Алуа Балкибекова (50 кг) 🥇 Аида Абикеева (63 кг) 🥈Виктория Графеева (60 кг), 🥈 Ельдана Талипова (+81 кг) 🥉 Наталья Богданова (70 кг)
Әлем чемпионаты 2025 — Ливерпуль (Англия) World Boxing
🥇Санжар Ташкенбай (50 кг) 🥇 Махмуд Сабырхан (55 кг) 🥇 Торехан Сабырхан (70 кг) 🥇 Айбек Оралбай (+90 кг)
🥇 Алуа Балкибекова (50 кг) 🥇 Аида Әбікеева (65 кг) 🥇 Наталья Богданова (70 кг) 🥈 Назым Қызайбай (48 кг) 🥉 Виктория Графеева (60 кг) 🥉 Елдана Тәліпова (+80 кг) Әлем чемпионаты 2025 — Дубай (БАӘ) IBA
🥇 Сәкен Бибосынов (54 кг) 🥇 Оразбек Асылқұлов (57 кг) 🥇 Абылайхан Жүсіпов (71 кг)
🥈 Сабыржан Аққалықов (75 кг)
🥉 Теміртас Жүсіпов (48 кг) 🥉 Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг)
Команда құрамы
Әйелдер
48 кг дейін – Назым Қызайбай 51 кг дейін – Алуа Балкибекова 54 кг дейін – Элина Базарова 57 кг дейін – Карина Ибрагимова 60 кг дейін – Виктория Графеева 65 кг дейін – Аида Әбікеева 70 кг дейін – Наталья Богданова 75 кг дейін – Надежда Рябец 80 кг дейін – Гүлсая Ержан 80 кг-нан жоғары – Елдана Талипова
Ерлер
50 кг дейін – Санжар Тәшкенбай 55 кг дейін – Махмұд Сабырхан 60 кг дейін – Бейбарыс Жексен 65 кг дейін – Ертуған Зейнуллинов 70 кг дейін – Төрехан Сабырхан 75 кг дейін – Сабыржан Аққалықов 80 кг дейін – Нұрбек Оралбай 85 кг дейін – Бекзад Нұрдәулетов 90 кг дейін – Сағындық Тоғамбай 90 кг-нан жоғары – Айбек Оралбай
Жастар командасы U22 Әйелдер: 48 кг — Ақбота Болат 50 кг — Гүлнар Тұрапбай 52 кг — Томирис Мырзақұл 54 кг — Элина Базарова 57 кг — Виктория Байдукова 60 кг — Анар Тұрсынбек 63 кг — Аружан Жанабаева 66 кг — Ұлдана Таубай 70 кг — Бақыт Сейдиш 75 кг — Шұғыла Налибай 81 кг — Жібек Жарасқызы 81 кг-нан жоғары — Әсел Тоқтасын Ерлер: 50 кг — Нұрзат Оңғарұлы 55 кг — Бексұлтан Боранбек 60 кг — Нұрислам Қалдыбаев 65 кг — Илья Калинин 70 кг — Нүрбек Мұрсал 75 кг — Аман Қонысбеков 80 кг — Санжаралі Бегәліев 85 кг — Азатбек Жолдасхан 90 кг — Темірлан Мұқатаев 90 кг-нан жоғары — Нұрасыл Асылхан
Дереккөздер
Санат:Қазақстандағы бокс
Санат:Бокстан әлем чемпионаттары Санат:2025 жылғы бокс