Planet of the Apes: Last Frontier () — Маймылдар ғаламшары медиафраншизасындағы видео ойын, 2017 жылы шыққан.

Ойын желісі Маймылдар ғаламшарының таңы (2014) және Маймылдар ғаламшары үшін соғыс (2017) фильмдерінің арасындағы оқиғаларға негізделген.

Екінші фильмге қатысты 2016 жылдың қазанында берген сұхбатында актёр Энди Серкис жаңа ойынның дайындалып жатқанын хабарлады. Ол ондағы кейіпкерлердің қимылдарын motion capture арқылы компьютерге түсіруіне қатысқанын айтты.

Геймплей Ойнаушы 14 адам мен маймылдан тұратын топты басқарады. Ойын барысы ойнаушының таңдауына байланысты дамиды, кейде бұл таңдаулар топтың азаюына әкелуі мүмкін. Ойын аяқталуы 3 жалпы сценариймен өтуі мүмкін: адамдар жеңеді, маймылдар жеңеді, олар өзара бітімге келеді. Осы жалпы сценарийдің әрқайсысы түрлі жолдармен іске асырылуы мүмкін. Сын және бағалар Metacritic сайтында ойынның PlayStation 4 нұсқасына 59/100 деген баға берілді.

GameRankings агрегаторында ойынның рейтингі 61,83 % құрады. Дереккөздер

Санат:2017 жылғы видео ойындар Санат:Ғылыми фантастикалық видео ойындар Санат:Ұлыбританияда жасалған видео ойындар Санат:Фильм негізінде жасалған видео ойындар Санат:PlayStation 4-ке арналған ойындар Санат:Xbox-ке арналған ойындар Санат:Windows-ке арналған ойындар