Гагарин () — қала, Өзбекстанның Жызақ облысы Мырзашөл ауданының әкімшілік орталығы. Қалада Ержар стансасы бар. Гагарин қаласының халқы: 26 660 адам.
Географиялық сипаттама Қала теңіз деңгейінен 266 метр биіктікте орналасқан. Гагарин Гүлістаннан оңтүстік-батысқа қарай 73 шақырым жерде, шөл даланың солтүстігінде, суармалы бөлігінде орналасқан.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық Гагарин — шағын қала. Халық саны бойынша өз елінде 90-шы орында (Өзбекстан), облыста 2-ші орында (Жызақ облысы). Әлемдегі барлық қалалар арасындағы орны: шамамен 15086 орын.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Жетісай (17 км, Қазақстан), Сардоба (24 км), Ғолибылар (30 км), Пақтаабат (35 км), Пахтакор (42 км), Зафарабат (42 км), Бахт (44 км), Сырдария (45 км), Диқанабат (46 км), Наурыз (48 км), Гүлістан (52 км), Үштөбе (55 км), Сайқұн (57 км), Шыназ (58 км), Жызақ (64 км), Даштабат (64 км), Жаңақыстақ (65 км), Алмазар (66 км), Досабат (67 км), Шардара (68 км, Қазақстан)
Тарихы Гагарин 1974 жылы қала мәртебесін алды. Бұған дейін қала үлгісіндегі Ержар деген елді мекен болған, кейін ол ғарышкер Юрий Гагариннің құрметіне аталды. Өңірде Юрий Гагариннің рухы құрметпен еске алынады. Гагарин қаласында Орталық Азия елдеріндегі ғарышкерге арналған ең биік ескерткіш орнатылған. Ал қаласындағы тұңғыш ғарышкердің есімімен аталатын No10 мектепте ғарыш мұражайы бар.
Инфрақұрылымы Кеңес өкіметі кезінде қалада мақта тазалау және темірбетон бұйымдары зауыты болған. Қалада құрылыс компаниялары бар. Музыка мектептері, спорт мектептері ашылды. Гагарин қаласы аймаққа Анарқұл Құлманов атындағы қазақ музыкалық драма театрымен танымал. Бұл театр өзбек драматургтерінің шығармаларын қазақ көрерменіне жеткізуге ұмтылады.
Дереккөздер
Санат:Жызақ облысы қалалары