Ванесса Нуала Кирби () — британдық актриса. Ол «Миссия: мүмкін емес» фильмдер сериясындағы, «Тәж» телехикаясындағы және «Әйел бөліктері» фильміндегі рөлдерімен танымал.

«Тәж» сериалындағы рөлі үшін Британ академиясының «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» сыйлығының иегері. «Әйел бөліктері» фильміндегі Марта Вайсс рөлі үшін «Оскар», BAFTA, «Алтын глобус» және Киноактерлер гильдиясы сыйлығына «Ең үздік әйел рөлі» номинациялары бойынша үміткер.

Өмірбаяны Ванесса Кирби 1988 жылы 18 сәуірде Уимблдонда дүниеге келген. Анасы Country Living журналының редакторы, әкесі урологиялық хирург. Ванесса Леди Элеонора Холлз мектебін, Эксетер университетін және Лондон музыкалық және драмалық өнер академиясын бітірген . Ол өзінің актерлік мансабын Октагон, Ройал-Корт және Корольдік ұлттық театрларда бастады.

Ол фильмдегі дебютін 2010 жылы «Махаббат/жоғалту» фильмінде жасады. 2011 жылы ол «Сағат» және «Үлкен үміттер» сериалының бірнеше сериясында ойнады. Ол «Лабиринт» және «Тәж» сериалындағы рөлдері арқылы танымал болды.

Ол «Уақыттың айналасында», «Юпитердің көтерілуі», «Эверест», «Данышпан», «Сенімен кездескенге дейін» фильмдерінде екінші пландағы рөлдерді сомдаған. 2018 жылы ол Том Крузмен бірге «Миссия: мүмкін емес - құлдырау» фильмінде «Ақ жесір» рөлін ойнады. Ол кейінірек бұл рөлге «Миссия: мүмкін емес - өлімге әкелетін есеп» және «Миссия: мүмкін емес - соңғы есеп» фильмдерінде оралды.

2020 жылдың 4 қыркүйегінде 77-ші Венеция кинофестивалінде «Әйел бөліктері» фильмінің тұсауы кесілді. Марта Вайсс рөлін сомдағаны үшін Кирби «Үздік басты әйел рөлі» номинациясында Вольпи кубогын жеңіп алды және «Оскар», BAFTA, «Алтын глобус» сыйлықтарына ұсынылды.

2025 жылы Фантастикалық төрттік: Алғашқы қадамдар фильмімен Ванесса Кирби Marvel кинематографиялық әлеміне қосылды.

Дереккөздер

Санат:Вольпи кубогы сыйлығының иегерлері