Парсы тіліндегі Қазақстан тарихы туралы деректемелер,Қазақ энциклопедиясы 7 т,Материалы по истории казахских ханств в ХV – ХVІІІ вв., А-А., 1969Юдин В.П., Центральная Азия в ХІV – ХVІІІ веках глазами востоковеда, А., 2001.Абусеитова М.Х., Баранова Ю.Г., Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в ХІІІ – ХVІІІ вв., А., 2001Ж. ТөлебаеваОтырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

13 – 19 ғасырлардағы Орталық Азия және қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы құнды дерек көздері. Парсы тіліндегі Қазақстан тарихы туралы деректемелер жалпы тарих және әулеттер тарихы бойынша жазылған еңбектер ретінде екі үлкен топқа жіктеледі. Сондай-ақ оны жазылған уақыты мен саяси бағдарына қарай аумақтық-кезеңдерге бөліп қарастыруға болады.

Хулагу әулетінің жазба ескерткіштері Ала әд-Дин Ата Мәлік Жуайнидің “Тарихи-и жаһангушай”, Рашид әд-Дин Фазлуллах Хамаданидің “Жамиғ ат-тауарих”, Әбу Сүлеймен ибн Дауда әл-Банакатидің “Раузат аули әл-албаб фи ат-тауарих уа әл-ансаб” (“Тарих-и Банакати”), Шихаб әд-Дин Абдоллах Фазлаллах Йаздидің “Китаб таджзийат әл-амсар уа таджийат әл-а'сар” (“Тарих-и Вассаф”), Казвини Хамдаллаһ Мостауфидің “Тарих-и гозиде” мен “Нұзхат әл-құлуб”, т.б. Қазақстан тарихын зерттеуде Хулагу әулетінің жазба ескерткіштері моңғол шапқыншылығы, одан кейінгі уақытта Орт. Азияда жаңа саяси бірлестіктердің құрылуы жөніндегі мейлінше елеулі еңбектер болып табылады. Оларда Шағатай, Жошы, Үгедей ұлыстарының Қазақстан аумағында орналасуы, 13 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысында болған саяси таластар туралы деректер көп. “Тарих-и жаһангушай”, “Жамиғ ат-тауарих”, Тарих-и гозиде”, “Нұзхат әл-құлуб” моңғолдарға дейінгі және одан бергі Орталық Азия мен Қазақстанның этн. тарихын баяндайды

Әмір Темір әулетінің жазба ескерткіштері Низам әд-Дин Шамидің “Зафар-наме”, Шараф әд-Дин Әли Йездидің “Зафар-наме-ий Тимури”, авторы белгісіз “Тузук-и Тимури”, Ұлықбектің “Тарихи-и арба улус”, Му'ин әд-Дин Натанзидің “Мунтахиб ат-тауарих-и Му’ини” (қ. “Ескендір анонимі”), Хафиз-и Абрудің “Маджма, ат-тауарих-и султанийа” (оның 4-томы “Зубдат ат-тауарих-и Байсунгури” деп те аталады), Мұхаммед ибн Хавандшах Мирхондтың “Раузат әс-сафа”, Шихаб әд-Дин Абдаллах ибн Лутфуллах ибн Абд әр-Рашид әл-Харавидің “Му’изз ал-ансаб” және “Тарих-и Хафиз-и Абру”, Әбу-л-Хасан Сайид Әли әл-Жүзжанидің “Масалик әл-мамалик”, Фасих Ахмед ибн Жәлел әд-Дин Мұхаммед әл-Хавафидің “Муджмал-и Фасихи”, Абд әр-Раззақ Самарқандидің “Мәтлә, әс-сәдәйн уә мәджмә, әл-бәхрәйн”, Гийас әд-Дин Мұхаммед Хусайни Ширази Херавидің (Хондамир) “Ма’асир әл-Мулук” және “Хабибас-сийар фи ахбар афрад әл-башар”.

Бабыр әулеті жазба ескерткіштері Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың “Тарих-и Рашиди” еңбегі, Ходжам Кули-бека Балхидің “Тарих-и Кипчак-хани” және Мир Мұхаммед Салима ибн Мұхаммед Рүстем сұлтанның “Силсилат ас-салатин”, т.б.;

Шайбани әулетінің жазба ескерткіштері Масуд бин Осман Кухистанидің “Тарихи-и Абулхайр-хани”, “Шараф-наме-йи шахи”, Молла Мұхаммед Шадидің “Фатх-наме”, Маулана Камал әд-Дин Беннаидің “Шайбани-наме”, және “Футухат-и хани”, Әбу-л-Хайр Фазлаллаһ ибн Рузбеханның “Михман нама-и Бұхара” Мукимидің “Зафар-наме-ий Мукими”, Хафиз Таныш ибн Мир Мұхаммед Бұхаридің “Шараф-наме-йи шахи”, Мұхаммед-Йара ибн Араб Катаганның “Мусаххир әл-билад”, т.б.

Орта ғасырлардағы қазақ жері туралы баяндайтын шығармалардың бірі- «Шайбани-наме» кітабы. Шығарманы Бинаи атанып кеткен ақын Шайбани ханға арнап жазған. Кітапта Шайбанидің дүниеге келгенінен бастап, оның көшпелі өзбектермен бірге Мәуереннахр мен Хорезмді жаулап алуына дейінгі оқиғалар баяндалады. Қазақстан тарихына қатысты Шайбани ханның Креймен, Жәнібекпен, Бұрындық ханмен және Қасыммен өзара қарым-қатынастары, Сыр бойынның қалалары үшін күресі жазылады. Сонымен қатар, қазақ халқының құрамына кірген тайпалар жөніндегі кейбір ақпарттар да кездеседі.«Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы

Сефеви әулетінің жазба ескерткіштері Хасан-бек Румлудің “Ахсан ат-тауарих”, Амин Ахмет Разидің “Хафт иклим” және Ескендір бек Түркменнің “Тарих-и аламара-йе Аббаси”.

Аштархан әулетінің жазба ескерткіштері Сухайланың “Имамкули-хан-наме”, Мир Мұхаммед Амин Бұхаридің “Ұбайдолланаме”, “Тарих-и Әбу-л-Файз-хани, Махмұд ибн Уәлидің “Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар”, Сейид Мұхаммед Тахир ибн Әбу-л-Касимнің “Аджаиб ат-табакат”, Әмір Сайид Самарқандидің “Тарих-и Сайид Рахим”

Бұхар хандығы жазба ескерткіштері Мұхаммед Карминагидің “Тухфат ал-хани”, Абд ул-Карим Бұхаридің “Хака’ик әл-умур” (қ. “Орта Азия тарихы”), Молла Ибадоллах және Мұхаммед Шарифтің “Тарих-и амир Хайдар”, Мұхаммед Хусайн ибн Амир шах Мұраттың “Махазин ат-такуа фи та’рих әл-Бухара”, Му’ин әд-Диннің “Тауарих-и ауаил уа ауахир”, Мир Мұхаммед Алим Бұхаридің “Фатх-наме-йи султани” Мұхаммед Йақуб Бұхаридың “Тарих-и амиран-и мангиттаийа”, Мырза Мұхаммед Абд әл-Азима Сами Бустанидің “Тарих-и салатин-и Мангитиййа”, Мырза Салимбек ибн Мұхаммед Рахимнің “Сийахат-наме-и Сайид Ахмед Қожа” мен “Тарих-и Салими” және Мырза Сирадж әд-Дин Абдуррауфаның “Тухф-е ахл-е Бұхара”, Мұхаммед Шариф ибн Мұхаммед Накидің “Тадж ат-тауарих” және Қажы Абдал Азим Шар-и Бұхаридің “Айн ат-тауарих”.

Қоқан хандығы жазба ескерткіштері “Мунтахаб ат- тауарих”, “Тарихи-и джадида Тошканд”, “Хуласат ул-ахвал”, “Омарнаме”, т.б. шығармалар жатады. Бұл деректемелердің барлығы тарихи оқиғаларды жан-жақты сипаттап, баяндау тәсілімен жазылған (нарративті) шығармалар және мазмұнына қарай тарихи жылнама, мемуар, аннал, биогр., геогр, энциклопед. еңбектер саналады. Шығармалардың көпшілігі дәстүрлі құрылым бойынша жазылған, яғни кіріспе бөлім, негізгі мәтін, қорытындыдан тұрады. Жалпы тарих бойынша жазылған шығармалар әдетте бірнеше томнан (муджаллад) тұрады. Әр том үлкен тарауларға (баб, макала) немесе тараушаларға (фасл, максад, табака) бөлінген, бірнеше бөлімдерден (кисм, дафтар) және әңгімелерден (дастан) құралады. Шығарманың кейбір томының жеке аты бар.

Тарихы