Мемлекеттік қауіпсіздік майоры () — 1935-1945 жылдардағы КСРО ІІХК және МҚХК басшылық құрамның арнайы атағы (ІІХК әскерлерінің әскери қызметкерлері мен КСРО ІІХК жұмысшы-шаруа милиция қызметкерлерін қоспағанда). Бұл арнайы атақтан төмен — мемлекеттік қауіпсіздік капитаны, ал дәрежесі жағынан келесі атақ — мемлекеттік қауіпсіздік аға майоры.

Мемлекеттік қауіпсіздік майоры арнайы атағы (1937-1943 ж. үлгідегі ілгектерде 1 ромб болды) осы кезеңде, ЖШҚӘ бригком әскери дәрежесіне шартты түрде сәйкес келді, 1943 жылдан кейін — майор әскери атағына сәйкес келді.

Атақтың тарихы +19361937гимнастерка, бешпентше, шекпен және

реглан-пәлтегимнастерка, бешпентшешекпен, шинелілгектерcentre|60pxcentre|60pxcentre|100pxжеңдегі белгілерcentre|100pxcentre|92px

Мемлекеттік қауіпсіздік майоры арнаулы атағы 1935 жылғы 7 қазандағы КСРО ОАК № 20 және КСРО ХКК № 2256 қаулыларымен енгізілдіПостановление ЦИК СССР № 20, СНК СССР № 2256 от 07.10.1935 «О специальных званиях начальствующего состава Главного Управления Государственной Безопасности НКВД СССР». Все документы с 1934 по 1963 гг. Библиотека нормативно-правовых актов СССР. — www.libussr.ru., 1935 жылғы 10 қазандағы КСРО ІІХК № 319 БұйрығыменПриказ НКВД СССР № 319 от 10.10.1935 г. «О введении новой формы одежды и специальных званий начальствующего состава ГУГБ НКВД СССР». Сайт «Ведомственная геральдика». КСРО ІІХК МҚББ басшылық құрамы үшін жарияланды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1943 жылғы 9 ақпандағы ІІХК органдарының қызметкерлеріне жалпы әскери атақтарға ұқсас арнаулы атақтар енгізу туралы Жарлығымен мемлекеттік қауіпсіздік майоры атағы бас басшылық құрамның арнаулы атақтары санатына ауыстырылып, шартты түрде ЖШҚӘ майоры әскери атағымен теңестірілді (бұған дейін бұл атақ ЖШҚӘ жоғарғы қолбасшылық құрамындағы — комбриг әскери атағына сәйкес келді).

КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1945 жылғы 6 шілдедегі КСРО ІІХК және МҚХК қызметкерлеріне арналған жалпыәскери атақтарға ұқсас әскери атақтар енгізген ЖарлығыУказ Президиума ВС СССР от 06.07.1945. «О званиях, форме одежды и знаках различия начальствующего состава Народного Комиссариата Внутренних Дел и Народного Комиссариата Государственной Безопасности СССР». Год принятия документа: 1945. Информационный портал «Правовая Россия»., мемлекеттік қауіпсіздік майоры атағын жойды.

Айырым белгілері 1935 жылғы 27 желтоқсандағы № 396 (МҚББ бойынша) және № 399 (ШІКББ бойынша) бұйрықтарымен: екі жеңінде алтын жиегі бар бір қызыл шұға жұлдызша; ілгектері — алтын түсті жолақты. 1936 жылдың 30 сәуірінен бастап жаға ілгектерге қосымша сары металл жұлдызша орнатылды.

ІІХК 1937 жылғы 15 шілдедегі № 278 бұйрығымен: мемлекеттік қауіпсіздік майорының айырым белгісі – ілгектегі бір ромб болды.

ІІХК 1943 жылғы 18 ақпандағы № 126 бұйрығымен КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1943 жылғы 9 ақпандағы «ІІХК органдары мен әскерлерінің жеке құрамы үшін жаңа айырым белгілерін енгізу туралы» Жарлығына сәйкес қолданыстағы ілгектердің орнына жаңа айырым белгілері – иық белгілері, сондай-ақ КСРО ІІХК органдары мен әскерлерінің жеке құрамына арналған киім кию ережелері бекітілді.

Тағы қараңыз КСРО ІІХК мен ІІМ қызметкерлерінің атақтары мен айырым белгілері

Әдебиет КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1945 жылғы 6 шілдедегі «КСРО Ішкі істер халық комиссариаты мен Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты басшылық құрамының шендері, нысанды киімдері және айырым белгілері туралы» Жарлығы.

Дереккөздер

Санат:КСРО мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлерінің шендері Санат:Мемлекеттік қауіпсіздік майорлары