Жоғары сыныптарға арналған федералды гимназиядағы атыс оқиғасы (, BORG) Грац қаласында (Аустрия) 2025 жылғы 10 маусымда, сейсенбі күні орын алды.
Оқиғалар барысы 2025 жылғы 10 маусымда таңертең сағат 10:00 шамасында мектептің 21 жастағы бұрынғы оқушысы Артур А. атысты алдымен мектеп алаңында, содан кейін екінші қабатта екі сыныпта ашты. Шабуыл кезінде атқыш 40-қа жуық оқ атқан.Schrotflinte und Pistole – Amokschütze von Graz ist Ex-Schüler und 21 Jahre alt | Heute.at
Кісі өлтіргеннен кейін шабуылдаушы әжетханада өзін-өзі өлтірді.
Полицейлер операцияны таңғы сағат 10-да бастап, «Кобра» терроризмге қарсы арнайы күштері мен тікұшақ алып барды. Оқушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды.
Күдікті өзін қорлық құрбаны деп санады.
Жәбірленушілері Қаза тапқандардың арасында төрт 5-сынып оқушысы, үш 8-сынып оқушысы, сондай-ақ мектептен тыс жерде өлтірілген тағы бір оқушы бар.В Австрии подросток в школе устроил стрельбу: погибли учителя и ученики Сегіз сағаттан кейін Грац университетінің клиникасына жатқызылған ересек әйел қайтыс болды.
Реакциясы Осы күні барлық кездесулерін тоқтатқан канцлер Кристиан Штокер мен ішкі істер министрі Герхард Карнер Грацқа аттанды. Сағат 15:00-де (UTC+2) білім министрі Кристоф Видеркер мен Грац мэрі Элке Кар баспасөз мәслихатында сөз сөйледі; 2025 жылғы 11 маусымда Штокер үш күнге ұлттық аза тұту режімін орнатты.
Дереккөздер
Санат:Аустриядағы қылмыстық істер Санат:Аустриядағы өлтірулер Санат:2025 жылдағы Аустрия Санат:Мектептердегі жаппай өлтіру