Вячеслав Сергеевич Бутин (24 мамыр 1948, Үлгілі Малшы ауылы, Көкпекті ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткері.

Өмірбаяны Бутин Вячеслав Сергеевич 1948 жылы 24 мамырда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілі Малшы ауылында дүниеге келген.

1963 жылдың қыркүйегінен 1968 жылдың наурызына дейін Семей қаласындағы құрылыс техникумында оқыды.

1970-1973 жылдары Өскемен құрылыс-жол институтында оқыды.

1973-1976 жылдары Жаңасібір инженерлік-құрылыс институтында оқыды.

1989-1992 жылдары Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында оқыды.

Еңбек жолы Құрылыс техникумын бітірген соң Кеңес Әскері қатарына шақырылды. Әскерден оралған соң Семей қаласындағы Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнында техникалық қадағалау жөніндегі аға инженер болып қызмет атқарды.

1973 жылдың шілде-тамыз айларында Семей облысы Шұбартау ауданындағы Көктал ауыл шаруашылығы кешенінде құрылыс шебері болып жұмыс істеді.

Жаңасібір құрылыс институтында оқуын аяқтағаннан кейін 1976 жылдың шілдесінен 1978 жылдың ақпанына дейін «Семей құрылыс» тресінің «Зауытқұрылыс» құрылыс басқармасында алдымен шебер, кейін аға прораб болды.

1978 жылдың ақпанынан 1980 жылдың ақпанына дейін «Семипалатинсктяжстрой» тресінің ПМК-3 Семей облысы, Шар ауданы, Әуезов ауылының бас инженері лауазымында еңбек етті.

1980-1982 жылдары Қазақ КСР ІІМ СМУ-7 мекемесінде бас инженер қызметін атқарды.

1082-1093 жылдары өндірісті-технологиялық жиынтықтау басқармасындағы «Ертіссэсқұрылыс» құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарды.

1983-1987 жылдары Жаңасемей аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

1987 жылдың сәуірінен 1992 жылдың ақпанына дейін Семей қалалық атқару комитетінің төрағасы болды.

1992-1994 жылдары Семей қаласы әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымында еңбектенді.

1994 жылдың маусымынан 1995 жылдың тамызына дейін — Семей қаласы әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.

1995 жылдың тамызынан 1997 жылдың мамырына дейін Семей облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

1997 жылдың мамырынан 1998 жылдың маусымына дейін Семей қаласының әкімі лауазымында еңбек етті.

1998 жылғы маусымнан 2002 жылға дейін Өскемен қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облысы кеден басқармасы басшысының орынбасары болды.

2002 жылы зейнеткерлікке шықты.

Сілтеме Кашляк В.Н. Семипалатинск: От бургомистра до Акима. – Семей, 2007.

Дереккөздер

Санат:Көкпекті ауданында туғандар Санат:Семей әкімдері