Вера Николаевна Сухорукова (10 тамыз 1951, Выдриха ауылы, Шемонаиха ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР — 19 желтоқсан 2020, Өскемен) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері.

Өмірбаяны 1951 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Выдриха ауылында дүниеге келген.

1968-1973 жылдары Өскемен құрылыс-жол институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

1989 жылы КОКП ОК қарамағындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын «Ғылыми коммунизм мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы 1973-1977 жылдары — Жезқазған облыстық коммуналдық шаруашылық басқармасының аға экономисі, жоспарлау бөлімі басшысы болып жұмыс істеді.

1977-1984 жылдары — Қазақстан КП Жезқазған қалалық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

1984-1996 жылдары — қалалық халық бақылау комитетінің төрағасы; облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары; әкішілік басшысының, Жезқазған облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

1996-1999 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы экономика басқармасы басшысы, «АБС-Шығыс» ЖШС директоры болып еңбек етті.

1999 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың қаңтарына дейін — Өскемен қаласының әкімі болып жұмыс істеді.

2003-2004 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2007-2014 жылдары — «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

2014 жылдың шілдесінен бастап — «Азия Авто» АҚ басқарма төрағасының орынбасары ретінде еңбектенді.

Депутаттығы 2004-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің III сайланым депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті «Еңбек» депутаттық тобының мүшесі.

Марапаттары 2001 — «Құрмет» ордені 2001 — Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Барыс» төсбелгісімен марапатталған. 2001 — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі 2003 — Өскемен қаласының Құрметті азаматы (қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бюджетті тұрақтандыруға қосқан зор үлесі үшін) 2005 — «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі 2006 — «Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл» медалі 2014 — «Қайырымдылық» аталымы бойынша Шетелдегі отандастар жөніндегі үкімет комиссиясының Құрмет грамотасы ІІІ дәрежелі Қасиетті апостолдарға тең Ольга ханшайым ордені және басқа медалдар.

Дереккөздер

Санат:Шемонаиха ауданында туғандар Санат:Өскемен әкімдері Санат:КОКП мүшелері Санат:Өскеменнің құрметті азаматтары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің III шақырылымының депутаттары