Эрзя ұлттық туы (, сөзбе-сөз аударғанда: Эрзя халқының туы) — эрзялар ұлттық байрағы.
Сипаттамасы Тудың пропорциясы — 1:2. Ені бірдей үш жолақтан құрылған: үстінгісі — ақ, ортадағысы — қызыл, төменгісі — қара түсті. Дизайнды Валентин Девяткин жасады да, 1990 жылы «Масторава» қоғамы жақтады. Үш түсі ерлер мен әйелдердің эрзя дәстүрлі киімі түстеріне негізделген.
2006 жылғы 16 сәуірде дизайнды Эрзя халқының конгрессі ресми түрде бекітті:. 16 сәуір 2006, Саранск қаласы
Қолданысы Ақ-қызыл-қара триколорды эрзялар ресми мейрамдарда да, күнделікті өмірінде де қолданады. Ресми үкіметтің қарсылығына қарамастан бұл ту — ұлттың заңды символы. Туды қолданатын ұлттық мейрамның көбін Эрзя халқы конгрессінің өзі кезінде бекіткен болатын: 16 сәуір – Эрзя тілі күні () Ауыл дұғасы () Бүкілэрзя мейрам-дұғасы () Эрзя халқының конгрессі () «Эрзя бұлағы» мейрамы () 21 желтоқсан – «Масторава» дастаны күні
Эрзя халқының туы, оған қоса, VI Фин-угор халықтарының дүниежүзілік конгрессінде, МАФУН конгрессінде, Ханнья жерінде, Алтай өлкесінде және Төменгі Новгород облысында желбіреген.
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша тулар Санат:Этникалық тулар Санат:Эрзя