1-дәрежелі флот флагманы () — КСРО Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскеріндегі Теңіз күштерінің (КСРО ЖШҚӘ ТК) әскери атағы.

Тарихы КСРО ОАК мен КСРО ХКК 1935 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен енгізілді«О введении персональных военных званий начальствующего состава РККА» , ал КСРО ЖШҚӘ теңіз күштері үшін КСРО халық комиссарлары кеңесінің 1935 жылғы 22 қыркүйектегі № 2591 қаулысымен бекітіліп, КСРО қорғаныс халық комиссарының 1935 жылғы 26 қыркүйектегі № 144 бұйрығымен жарияланды. 1-дәрежелі флот флагманы атағы 1940 жылы 7 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының «Әскери-теңіз флотының жоғарғы қолбасшылық құрамы әскери атақтарын белгілеу туралы» Жарлығымен бекітілген жаңа атақтардың енгізілуіне байланысты жойылды.

КСРО ОАК мен ХКК 1937 жылғы 30 желтоқсандағы № 120/2204: «КСРО әскери-теңіз күштері халық комиссариатының құрылуы туралы» (Қорғаныс халық комиссарының 1938 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығымен жарияланған) қаулысынан кейін, 1938 жылдан бастап КСРО ЖШҚӘ Теңіз күштері КСРО ӘТК деп атала бастады. 1939 жылдың аяғында бұл атау түпкілікті бекітілді: КСР Одағы Әскери-теңіз күштері (КСРО ӘТК). Мысалы: ӘТК ХК 22.10.1939 жылғы № 431 бұйрығымен «КСР Одағы Әскери-теңіз күштерінің үздігі» төсбелгісімен марапаттау туралы ереже бекітті және төсбелгі құрылған сәттен бастап «ӘТК үздігі» деген жазумен жасалды. Атақты иеленгендер 20.11.1935 — Викторов Михаил Владимирович — Тынық мұхит флоты қолбасшысы. 20.11.1935 — Орлов Владимир Митрофанович — ЖШҚӘ теңіз күштері басқарма басшысы.

Кіші атақ37px|2-дәрежеліфлот флагманы37px|КСРО әскери-теңіз күштері КСРО ӘТК37px|1-дәрежелі флот флагманы |width="30%" align="center"|Жоғарғы атақ—'''

Тағы қараңыз 1-дәрежелі командарм 1-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары 1-дәрежелі армия комиссары

Дереккөздер

Санат:КСРО Қарулы Күштерінің әскери атақтары Санат:Әскери-теңіз атақтар