нобай|Тарбасты сұртышқан (Stenocranius gregalis) Тарбасты сұртышқан (Stenocranius gregalis) — Cricetidae тұқымдасына жататын кеміргіш түрі. Бұрын бұл түр MicrotusMusser, G. G.; Carleton, M. D. (2005). "Superfamily Muroidea". In Wilson, D. E.; Reeder, D. M. (eds.). Mammal Species of the World: A Taxonomic and Geographic Reference (3rd ed.). Johns Hopkins University Press. pp. 998–999. туысына жатқызылған, алайда қазіргі жіктеулерде оны не LasiopodomysBatsaikhan, N.; Tsytsulina, K.; Formozov, N.; Sheftel, B. (2008). "Microtus gregalis". IUCN Red List of Threatened Species. 2008. Retrieved 10 October 2014. туысына біріктіреді, не жеке Stenocranius"Stenocranius gregalis". ASM Mammal Diversity Database. 1.11. American_Society_of_Mammalogists туысына бөледі. Бұл сұртышқан Солтүстік және Орталық Азия аумағында таралған.
Сипаттамасы Тарбасты сұртышқанның дене ұзындығы 89–122 мм (3,5–4,8 дюйм), ал құйрығы қысқа — 21–32 мм (0,8–1,3 дюйм). Бас сүйегінің өлшемі оны Қытайдағы басқа Microtus түрлерінен ерекшелендіреді. Жаз мезгілінде арқасындағы жүні сарғыш-қоңыр түсті, бүйірлері одан ашығырақ, ал асты сарғыш-сұр түсті. Қыста арқасындағы түсі қызғылт-сары реңге ие болады. Құйрығы біртекті сарғыш-қоңыр немесе екі түсті болуы мүмкін: үсті қара қоңыр, асты сарғыш-қоңыр. Аяқтарының үстіңгі беті қоңырқай-ақ түстіAndrew T. Smith; Yan Xie (2008). A guide to the mammals of China. Princeton University Press. p. 231. ISBN 978-0-691-09984-2..
Таралуы және тіршілік ету аймағы Тарбасты сұртышқан Солтүстік Азияның тундра аймағында Ақ теңізден Колыма өзеніне дейінгі аумақта таралған. Сонымен қатар бұл түрдің бөлек популяциялары Қазақстан мен Қырғызстан далаларында, оңтүстік-батыс Сібірде, Саха Республикасында, Моңғолияда және Қытайдың солтүстігінде кездеседі. Оның табиғи мекені — шөпті жазықтар, шөлейттер, ормандардағы ашық шалғындар, альпілік шалғындар және 4000 метрге дейінгі биіктіктегі сулы шабындықтар.
Плейстоцен дәуіріндегі мұздану кезеңдерінде тарбасты сұртышқан Еуропаның көп бөлігін қамтитын біртұтас таралу аймағына ие болды. Аралық жылы кезеңдерде ол Карпаттарға, Оралға және Азияға қарай шегінді. Карпаттардағы популяциясы Азиядағы түрлерден генетикалық жағынан едәуір ерекшелендіBaca, M., Popović, D., Lemanik, A., Baca, K., Horáček, I., & Nadachowski, A. (2019). Highly divergent lineage of narrow-headed vole from the Late Pleistocene Europe. Scientific reports, 9(1), 1-10. және ол орта голоцен кезеңіндегі мыс дәуірінің соңында жойылып кеттіNémeth, A., Bárány, A., Csorba, G., Magyari, E., Pazonyi, P., & Pálfy, J. (2017). Holocene mammal extinctions in the Carpathian Basin: a review. Mammal Review, 47(1), 38-52.. Ал Оралда тарбасты сұртышқан кейінгі голоценде жоғалып кеткенKosintsev, P. A., & Bachura, O. P. (2014). Formation of recent ranges of mammals in the Urals during the Holocene. Biology Bulletin, 41(7), 629-637..
Тіршілік әрекеті Бұл сұртышқан жер астында 25 см тереңдікке дейін баратын күрделі індер жүйесінде тіршілік етеді. Онда бірнеше кіреберіс пен ұя жасайтын камералар бар. Бұл түрдің басының тар болуы оның қатты тоң қабатындағы тар жарықтар мен саңылаулардан өтуін жеңілдетуі мүмкін. Негізінен ымырт пен түнгі уақытта белсенді, бірақ күндіз де інінен шығып, азық іздейді. Негізгі қорегі — шөптер, бұршақ тұқымдастар және басқа да жер үсті мен жер асты өсімдік бөліктері. Көбею кезеңі жылы мезгілге сәйкес келеді, жыл сайын орта есеппен сегізден тұратын бес ұрпақ береді.
Тарбасты сұртышқан Alexandromys middendorffi түрімен бірге Ямал түбегіндегі ақ түлкінің негізгі қорегі болып саналады.
Қорғау жағдайы Тарбасты сұртышқан өте кең таралған түр болып саналады. Популяциясы кейде ауытқығанымен, бұл түрге нақты қауіптер анықталмаған. Жалпы саны тұрақты деп есептеледі. Табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (IUCN) бұл түрдің қорғау мәртебесін «қауіп төнбейді» (least concern) деп бағалағанTerekhina, Alexandra (2021). "The context of an emerging predation problem: Nenets reindeer herders and Arctic foxes in Yamal". European Journal of Wildlife Research: 4..
Дереккөздер
Әдебиет Лиссовский, А.А., Оболенская Е.В., Петрова Т.В. Оңтүстік-Шығыс Забайкальедегі Lasiopodomys gregalis тарбасты сұртышқандарының морфологиялық және генетикалық әртүрлілігі. // Russian Journal of Theriology. – 2013. – Т. 12. – Б. 83–90. Петрова Т.В., Захаров Е.С., Самия Р., Абрамсон Н.И. Lasiopodomys (Stenocranius) gregalis (Cricetidae, Rodentia) тарбасты сұртышқанының митохондриялық цитохром b тізбектері негізінде філогеографиясы: плейстоцен дәуіріндегі гүлдену кезеңінің жаңғырығы // Journal of Zoological Systematics and Evolutionary Research. – 2015. – Т. 53, № 2. – Б. 97–108. Петрова Т.В.Тесаков А.С., Ковальская Ю. М., Абрамсон Н.И Lasiopodomys (Stenocranius) gregalis (Rodentia: Cricetidae) тарбасты сұртышқандарындағы жасырын түрлену (криптикалық түр түзілу). // Zoologica Scripta. – 2016. – Т. 45, № 6. – Б. 618–629.
Санат:Питер Симон Паллас атаған таксондар Санат:1779 жылы сипатталған сүтқоректілер