Гәнжа дәлізі (сондай-ақ Гәнжа саңылауы, Гәнжа өткелі; ) — Әзербайжан мен Грузияның арасындағы тар шекаралық кеңістік, ол арқылы Иран мен Ресейді айналып өтіп, Еуропа мен Азия арасындағы транзит жүзеге асады. Атауы Әзербайжанның екінші ірі қаласы — Гәнжәға жақын орналасуына байланысты қойылған. Өткелдің батыс бағыты арқылы Түркияға, Қара теңіз маңына және Еуропаға жол ашылса, шығыс бағытында Орталық Азияға, әрі қарай Қытайға өтетін бағыт жалғасады.
thumb|Аймақ картасындағы Әзербайжан (жасыл) және Грузия (қызғылт сары)
Гәнжа дәлізі арқылы автомобиль және теміржол қатынасы өтеді, сондай-ақ Батыс Еуропа мен Каспий маңы өңірін байланыстыратын оптикалық-талшықты кабель тартылған. Бұдан бөлек, өткел аумағы арқылы маңызды мұнай-газ құбырлары өтеді. Бұл инфрақұрылым теңізге тікелей шығатын жолы жоқ, бірақ көмірсутек ресурстарына бай Әзербайжанның әлемдік нарыққа шығуын қамтамасыз етеді. Аталған аймақ арқылы өтетін негізгі құбырлар қатарына Баку — Тбилиси — Жейхан, Баку — Супса және Оңтүстік газ дәлізі жатады.
Америкалық «The Diplomat» басылымының хабарлауынша, Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Гәнжа өткелі арқылы өтетін маршрут, ол Ауғанстандағы соғыс кезінде АҚШ-тың Каспий теңізі арқылы Орталық Азияға жүк жеткізу үшін пайдаланылған, қазіргі кезде Батыс елдері тарапынан Қазақстан мұнайын Ресей аумағын айналып өтіп экспорттау үшін балама бағыт ретінде ұсынылуда.
Дереккөздер
Санат:Геосаяси дәліздер Санат:Әзербайжан шекарасы Санат:Грузия шекарасы