Анатолий Павлович Рябов (, ; 16 сәуір 1894 жыл, Лукоянов уезі, Төменгі Новгород губерниясы – 23 мамыр 1938 жыл, Саранск) — эрзя тілтанушысы, педагог, қоғам қайраткері, профессор, эрзя тілі латын әліпбиінің авторы, 1938 жылы репрессияланды.

Өмірбаяны Рябов Лобаски атты эрзя ауылында туған. Рябов Починки діни училищесі мен Нежин институтында (1916) білім алған.

Рябов Омбы педагогикалық техникумында, оқытушылар дайындайтын семинарияда филология оқытты. 1922–1924 жылдары ол Төменгі Новгород губерниялық білім бөлімінде қызметкер болды. 1924 жылдан 1930 жылға дейін РКФСР Ұлттық азшылықтар кеңесінің Мордва бөлімінде методист болса, кейін КСРО Ұлттар кеңесі жанындағы Жаңа әліпби бүкілодақтық орталық комитетінің қызметкері еді. 1932 жылы ол сол жерде эрзя тілінің латын әліпбиін ойлап тапты.

1934 жылы Рябов тұңғыш мордва профессоры атанды.

1934 жылдан 1937 жылға дейін Рябов Саранск агропедагогикалық институтының мордва тілдері кафедрасына басшылық етті.

1937 жылғы маусымда ол қамауға алынды да, бір жылдан кейін ату жазасына кесілді. 1956 жылы ол ақталды.

Мордва тілтануындағы ізі Рябов эрзя әдеби тілінің ортақ стандартын жасамақ еді. Оның эрзя орфографиясының 2 жобасы болған.

Орфография, морфология және терминология жайлы мәселелерді зерттеген ол Саранскідегі бірінші (1933), екінші (1934) және үшінші (1935) ғылыми конференцияларда сөз сөйледі.

Рябов, оған қоса, ұлттық мектептердегі эрзя тілінің оқытылуын және оларға әдебиеттің дайындалғанын жөн көретін.

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Н. П. Огарёв атындағы Мордовия мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Нежин университеті түлектері Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:Алфавит бойынша ғалымдар Санат:Алфавит бойынша тілтанушылар Санат:КСРО тілтанушылары Санат:Ресей тілтанушылары Санат:Эрзя тілі Санат:Оралтанушылар Санат:Әліппелер авторлары Санат:Энциклопедиялар және сөздіктер авторлары Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:РКФСР-да атылғандар Санат:1938 жылы бұйрықпен өлтірілгендер Санат:Қайтыс болғаннан кейін КСРО-да ақталғандар Санат:Нежин тарихи-филологиялық институты түлектері