Артём Алексеевич Здунов (18 мамыр 1978 жыл, Қазан) — ресейлік саясаткер және экономист, 2021 жылғы қыркүйектен Мордовия басшысы (18 қараша 2020 жылдан ).

Экономика ғылымдарының кандидаты атағы бар Здунов бұрын Дағыстан үкіметінің төрағасы (2018–2020) және Татарстан Экономика министрі (2014–2018) лауазымдарында қызмет еткен.

Ерте жылдары 1978 жылғы 18 мамырда, Қазан қаласында туған Артём Здуновтың ұлты — эрзя.

1996 жылдан 1998 жылға дейін Здунов Қазан мемлекеттік қаржы-экономикалық институты (ҚМҚЭИ) студенттерінің кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары болды. 2000 жылы ол институттағы оқуын бітіріп, 2005 жылы сол жерден экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды.

Мансабы Здунов өз еңбек жолын 2000 жылғы маусымда, «Өнеркәсіптік сақтандыру компаниясы» ААҚ сақтандыру маманы ретінде бастады. Көп ұзамай компанияның ішкі аудиторы болған ол одан 2001 жылғы наурызда кетті.

2004 жылғы сәуірден 2006 жылғы шілдеге дейін ол ҚМҚЭИ макроэкономика және экономика теориясы департаментінде оқытты. Бұдан кейін, 2010 жылғы мамырға дейін ол «Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Экономикалық зерттеулерді жетілдіру орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының ғылым жөніндегі орынбасары еді.

2010 жылғы мамырда Здунов Татарстан Экономика министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылғы 14 қазаннан 2018 жылғы 6 ақпанға дейін ол республиканың Экономика министрі болған.

2018 жылғы 6 ақпанда Дағыстан парламентіне жүгінген республика басшысының міндетін атқарушысы Владимир Васильев Здуновты Үкімет төрағасы лауазымына ұсынды. 2018 жылғы 7 ақпанда Здунов лауазымға қабылданды.Новым премьером Дагестана стал Артем Здунов

Здунов 2020 жылғы 18 қарашада Мордовия Республикасы басшысының міндетін атқарушысы болып тағайындалды. 2021 жылғы қыркүйекте ол бұл лауазымға ресми түрде сайланды.

2022 жылғы 27 қарашадан Здунов Біртұтас Ресей мордовиялық филиалына да басшылық етеді.

Санкциялануы 2023 жылғы 24 ақпанда, Ресейдің Украинаға басып кіруіне бір жыл болғанда АҚШ мемлекеттік департаменті Ресей шенеунігі ретінде Здуновты «азаматтарды Украинадағы соғысқа шақырғаны» себебінен санкциялады.

2023 жылғы 22 қыркүйекте Здунов пен өзге ресейлік шенеуніктерді Канада санкциялады, «Ресейдің украин балаларын күштеп жаппай депортациялауын, жалған ақпарат тарату науқандарын және оның ядролық секторын қолдағаны» үшін. Оны ұқсас себептерден Аустралия да санкциялады.

Өз өмірі Здунов татар әйелге үйленген, бір ұлы және бір қызы бар.

2019 жылы жарияланған табыс сомасы 7 миллион 835 мың рубльді құрады. Әйелінің қолында 578 мың рубль болған.

Дереккөздер

Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Алфавит бойынша ғалымдар Санат:Алфавит бойынша экономистер Санат:XXI ғасыр экономистері Санат:Қазан қаржы-экономикалық институты түлектері Санат:Қазан қаржы-экономикалық институты оқытушылары Санат:Ресей саясаткерлері Санат:Ресей экономистері Санат:Мордовия басшылары Санат:Дағыстан үкіметі төрағалары Санат:Татарстан министрлері Санат:Біртұтас Ресей мүшелері Санат:Ресей аймақтарының қазіргі басшылары