Ақтұз асуы – Іле Алатауындағы асу.

Жер бедері Биіктігі 4400 м. Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі Орта Талғар өзенінің бастауынан Солтүстік Тянь-Шаньдағы ең ірі Корженевский мұздығына қарай соқпақ жол өтеді. Асудан Корженевский мұздығына түсу онша қиын емес, бірақ мұздық бетіндегі ірі-ірі жарықшақтар тіке төмен түсуді қиындатады. Сондықтан асудан өткен соң Ақтау шыңының беткейімен негізгі жота сілеміне шығып, одан кейін Корженевский мұздығының оң жағымен төмен түсуге болады. Асудан өту қиындығы З-А категориясына жатады.Алматы. Энциклопедиялық анықтама. Бас редакторы М.Қ. Қозыбаев. Алматы қ. 1983 ж.

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы асулары Санат:Іле Алатауы