Татарофобия () — татарлар делінетін адамдарға деген қорқыныш, жек көру, дегуманизация, негатив наным. Татарлар деп көбіне Сібір, Еділ және Қырым татарларын атайды, алайда соңғысына деген татарофобия әлемде аса көп болатын және әлі де бар, бұл құбылыс көбіне КСРО үгіт-насихатынан шыққан. Қырым татарлары кеңестік заманда жалған және негатив таптаурынға жиі тап болатын, олар саяси себептерден осылайша депортацияланатын, дүбәраланатын.
Қырым татарларына қарсы
Кеңестік заман 1944 жылғы мамырдағы Қырым татарларының депортациясынан кейін үкімет қырым татарлары жайлы бұрыннан бар таптаурындарды тарататын, одан әрі дамытатын болды; олар «сатқын», «буржуазия», «контрреволюционер» ұлт делінетін, Қырым түбегіне байланысы жоқ «моңғолдар» делінетін. Партия мүшелерінің саяси үгіт-насихаты басқа азаматтарды да татарофобия жасауға итермеледі, Қырымда қырымтатарларға қарсы пікірді насихаттайтын конференциялар өтті. Қырым татарларының түбекте болуының іздері 1944 жылы депортациядан кейін жойылды, бұрын татар атауларымен аталған мыңдаған ауылдарға жаңа орысша атаулар беріліп, түбекті ресми түрде татарсыздандырды. Орталық Азияға депортацияланып, сол жерде жұмыс істеген Қырым татарлары «арнайы қоныстанушы» режимінде өмір сүрді, бұл оларды басқа КСРО азаматтары пайдаланатын көптеген азаматтық құқықтарынан айырды және оларды шағын периметрге қамады. Азаматтық құқықтар үшін қозғалыстарға қатысқан адамдар қырым татарларын апартеид құрбандары, сондай-ақ израильдік оккупациядағы палестиналықтармен теңейтін.
Қазіргі заман Қазіргі қоғамда әлі де кең тарағанымен, татарофобия қазіргі уақытта бұрынғыға қарағанда жақтырыла бермейді. Енді ресми түрде мемлекеттік мекеме болмаса да, татарофобия үкімет пен қоғамда әлі де кең тараған. Заманауи татарофобияның бір мысалы ретінде Ресей консулы Владимир Андреевтің ресейлік азаматтарды Хайтарма (2013) фильміне бармағанына шақырғанын алуға болады. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Әмет-хан Сұлтан туралы болған бұл фильмді Андреев қырым татарларын тым жақсы жағынан көрсеткені үшін ұнатпады. Кейін Андреев фильмді ешқашан көрмегенін де мойындады, қырым татары жасағандығынан фильмнің қате болғанын білген деді.
Түрлі татар ұлттары арасындағы ерекшелікті жергілікті халық біле бермейді және осы білмегендік де татарофоб үгіт-насихат үшін тиімді болып шықты. Кеңес Одағы Қырым татарларының азаматтық құқықтары қозғалысының Қырымда автономиясын қалпына келтіру туралы өтінішіне ұзақ уақыт қарсы болды, орнына Татарстанда автономиялық облыс құруды ұсынды. Бұл ұсыныс Қырым мен Қазан татарларының арасындағы айырмашылық жайлы білмегендіктен шыққан сияқты.
Еділ татарларына қарсы Тарихи тұрғыдан Еділ-Орал татарлары Ресей мен Кеңес Одағында үлгілі азшылық саналатын, қырым татарларына қарағанда оларға қарым-қатынас жақсырақ болатын. Оған қарамастан Еділ татарларына қарсы татарофобия әлі де бар, Татарстанды татарсыздандыруға деген орыс ұлтшылдарынан әрекеттену бар.
Дереккөздер
Санат:Татарофобия Санат:Азиялықтарға қарсы қатынас Санат:Исламофобия