Анкира монументі (лат. Monumentum Ancyranum) — ежелгі Рим архитектурасы мен әдебиетінің ескерткіші, I ғасырдың басында салынған; Галатия (Галация) провинциясындағы Анкира қаласында (қазіргі Анкара, Түркия) орналасқан Август пен Рома ғибадатханасының қабырғасына жазылған билингвальды жазба. thumb|250px|Анкира монументі Храм периптер түрінде салынған коринф ордеріндегі ғимарат, б.з.д. I ғасырдың соңында салынған. Октавиан Августың қайтыс болғаннан кейін, б.з. 14 жылы храмның қабырғаларына императордың өсиеті — «Құдай Августың іс-әрекеттері» (лат. Res gestae divi Augusti) жазылды. Бұл жазба латын тілінде (ішкі қабырғаларда) және грек тілінде (сыртқы қабырғаларда) жазылған.

Кейінірек, Август пен Романың храмы мешітке айналды.

Еуропада бұл жазба 1555 жылы австриялық дипломат Ожье де Бусбек арқылы танымал болды. Ол император I Фердинандтың елшісі ретінде Сұлтан Сүлейманға жіберілген еді. Бусбек жазба көшірмелерін жасаған немесе жасаған серіктерінен көшірмелерді А. Шотту мен И. Липсиусқа тапсырды. Бұдан кейін француз саяхатшысы Г. Перро бұл жазбаның толық көшірмесін жасап, жариялады. Осы көшірмеге сүйене отырып, Теодор МоммзенТеодор Моммзен. Res gestae divi Augusti, Берлин, 1865 мен Теодор БергкТеодор Бергк. Augusti rerum a se gestarum index cum graeca metaphrasi, Геттинген, 1873 бұл ескерткішті жариялап, түсіндірді.

Галерея thumb|Август храмы, Анкара, 2014 жыл thumb|Август храмы, Анкара, 2014 жыл thumb|Август храмы, Анкараның оңтүстік-шығыс сыртқы қабырғасы thumb|Август храмы миниатюрасы Анатолия өркениеттері музейінде thumb|Августың іс-әрекеттінің бөліктері thumb|Император Августың қола бюсті

Дереккөздер

Сілтемелер Ағылшынша аударма

Санат:Түркиядағы археологиялық объектілер Санат:Ежелгі Рим ғимараттары мен құрылымдары Санат:Ежелгі Рим әдебиеті Санат:Латын жазбалары Санат:Ежелгі грек жазбалары