Мүмкін әлемдер () - дүниенің тұтастай және жалғасымды түрде тегі не болуы мүмкін екендігі. Мүмкін әлемдер интенсивті және модалды логиканы семантикалық қамтамасыз ету үшін логикада, философияда және лингвистикада ресми идеал жүйе ретінде кең қолданылады. Мүмкіндік ретінде болуы мүмкін әлемдердің метафизикалық статусы философияда пікірталас туғызып келеді. Дэвид Льюис секілді модал реалистері олардың қалайда барболатын баламалы шындық екенін айтса, ал Роберт Сталнакер сияқты басқалары ондай мүмкін әлемдер жоқ деп санайды.
Логикада Логика ғылымында мүмкіндік ұғымы ◊ таңбасымен бейнеленеді.
Мүмкін әлемдер модальды және интенсивті логикадағы іргелі ұғымдардың бірі. Бұл логикадағы формулалар ненің рас болуы мүмкін екені, ненің рас болуға тиіс екені, нені рас деп сенетіні және т.б. туралы мәлімдемелерді сипаттау үшін қолданылады. Бұл мәлімдемелерге ресми түсініктеме беру үшін логикалар әдетте мұмкін әлемдерді қамтитын айтылым құрылымдарын пайдаланады. Мысалы, классикалық пропозициялық модалды логикаға қатысты реляциялық семантикада: ◊P ("мүмкін P" деп оқылады) рас болады, егер тек егер нақты әлемде қолжетімді кейбір әлемдерде P рас болса.
Формалды семантикада жұмыс істейтін лингвисттердің және/немесе философтардың жұмысында мүмкін әлемдер маңызды ортақ тақырып. Осызаман формалды семантикасы тамыры Монтег грамматикасына негізделген формальды жүйелерден бастау алады, ал ол Ричард Монтегюдің интенсивті логикасына сүйенеді. Семантикадағы осызаманғы зерттеулер, әдетте, мүмкін әлемдерді формалды құрал етіп пайдаланады, бірақ олардың шын-жалғандық метафизикалық статусына қатысты теорияларға назар аудармайды.
Дерекқор теориясы (Database theory) саласында мүмкін әлемдер анықсыз дерекқор және ықтимал дерекқор орнатуда қолданылады, олар мүмкін әлемдердің үлкен санын қысқаша әйгілеу қызметін атқарады. See section 1.2.2, "Possible Worlds Semantics"
Метафизикада Мүмкін әлемдердің онтологиялық статусы философия және мәдени кеңістікте қызу пікірталас тудыруда. Дэвид Льюис әйгілі модалды реализм деп аталатын позицияны жақтады: мүмкін әлемдер шын, нақты мекендер болып, оның барболуы осы біздің нақты әлемімізбен бірдей мағынада, нақты әлем тек біз осында өмір сүргеніміз тұрғысынан ғана олардан ерекше. Бұл доктрина нақтылық индекстілігі деп аталған, өйткені ол "нақты" деген термин "қазір," "осында" секілді индекстік болып табылады деп түсіндірген. Льюис Мүмкін әлемдер ұстанымна әртүрлі дәлелдер келтірді. Ол атомдардың ақиқаттығы олардың физикадағы түсіндіру күшімен көрсетілгені сияқты, мүмкін әлемдер де философиядағы түсіндіру күшімен расталады деп түсіндірді. Ол сондай-ақ мүмкін әлемдер шынайы болуы керек деп дәлелдеді, өйткені олар нәрселердің "бола алатын мүмкін жолдары" және мұндай заттың бар екеніне ешкім күмәнданбайды екен, демек оның мүмкіндігінің бар екендігіне де ешкім күмәнданбауға тиіс. Соңында, ол модалдылық теорияларын айналмалы етіп көрсетпестен, оларды барынша дәйекті тұжырымдар жиынтығы секілді "онтологиялық құрметті" нысандарға редустауға (қысқартуға) болмайтынын айтты. (Ол бұл теорияларды мүмкін әлемдер семантикасының артықшылықтарын "оңай" алуға тырысатын "ерсац-модалды реализм" деп атады.)
Модалды реализм даулы. У.Б.О. Куайн (Quine) оны "метафизикалық әсірелеушілік" ретінде қабылдамады.W. V. O. Quine, "Proportional Objects" in Ontological Relativity and Other Essays, 1969, pp.140-147 Р. Стальнакер (Stalnaker) болса Льюистің дәлелдеріне жауап беріп, нәрселердің "бола алатын мүмкін жолдары" дербес әлемдер емес, керісінше, сондай әлемдер ие болуы мүмкін қасиеттер екенін атап өтті. Қасиеттер кез келген бар нысанға қолданбай өмір сүре алатындықтан, біздікі секілді басқа параллел әлемдер бар деп қорытынды жасауға негіз жоқ. Сталнакердің тағы бір аргументі Льюистің нақтылық индекстілігі теориясына шабуыл жасайды. Стальнакер ағылшын тілінде нақтылық мағынасын беретін "actual» сөзі индекстік болса да, бұл басқа әлемдер бар дегенді білдірмейді деп есептеді. Салыстыру үшін айтсақ, әдеттегі тілдік мәдениетте басқа адамның шын мәнінде бар екеніне сенбей тұрып та индекстік "Мен" қолдануға болады.
Кейбір философтар мүмкін әлемдер теориясын тұжырымдар, немесе сипаттамалардың максималды дәйекті жиынтығы ретінде мақұлдайды, ал Саул Крипке сияқты басқалары мүмкін әлемдерді таза формалды (яғни математикалық) құрылғылар ретінде қарастырады.
Сөзсіздік пен мүмкіндікті айқындау Ежелгі Грек мәдениетінің ең ұлы жетістіктерінің бірі Аристотель арқылы логика ғылымын жүйелеуді бастауы болды. Аристотельден бастап философтар айтылымның (proposition) сөзсіздік, кездейсоқтық және мүмкінсіздік сынды логикалық мәртебесіне айырықша назар аударды. ХХ ғасырда бұл ұғымдарды айқындау мүмкін әлемдер түсінігі қолданысқа енді. Модаль логикада айтылым рас (true) болатын және өтірік (false) болатын әлемдер тұрғысынан түсінілді. Оған келесідей эквиваленттер ұсынылды:
Рас айтылымдар (True propositions) - бұл нақтылық әлемінде шын болатындар (мысалы: "Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін алды.").
Жалған айтылымдар (False propositions) - бұл нақтылық әлемінде өтірікн ұсыныстар (мысалы: "Қазақстан 1992 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін алды.").
Мүмкін айтылымдар (Possible propositions) - бұл кем дегенде бірер мүмкін әлемде шын болады (мысалы: "Қазақстан 1917 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін алды."). Бұk төменде көрсетілген нұсқаларға сәйкестендіріп айтқанда, сөзсіз айтылымдарды қамтиды.
Мүмкінсіз айтылымдар (Impossible propositions), немесе сөзсіз жалған айтылымдар (necessarily false propositions) – ешбір мүмкін әлемде шын болмайтын айтылым (мысалы: "Тәуелсіздік дегеніміз отарлану").
Сөзсіз шын айтылымдар (Necessarily true propositions), көбінесе жай ғана сөзсіз айтылымдар (necessary propositions) деп аталады – бұл барлық мүмкін әлемдерде шындыққа жанасатын айтылымдар (мысалы: «2 + 2 = 4»; «барлық бойдақтар үйленбеген»).Қараңыз: «A Priori және A Posteriori» (авторы: Джейсон С. Баер), Internet Encyclopedia of Philosophy: «Сөзсіз айтылым - бұл барлық мүмкін әлемдерде шындық мәні тұрақты болып қалатын айтылым. Осылайша, сөзсіз шын айтылым - бұл барлық мүмкін әлемдерде бірдей шындық, ал сөзсіз жалған айтылым - бұл барлық мүмкін әлемдерде бірдей жалған айтылым. Керісінше, шын мәндегі кездейсоқ айтылым барлық мүмкін әлемдерге бірдей сай келе бермейді: кез келген кездейсоқ айтылым үшін кем дегенде бір шындық болатын және кем дегенде бір жалған болатын әлем қалайда болады деп жорамалданады». 2012 жылдың 7 шілдесі
Кездейсоқ айтылымдар (Contingent propositions) – бұл кейбір мүмкін әлемдерде шын, ал басқаларында жалған айтылымдар (мысалы: "Эрцгерцог Франц Фердинандқа 1914 жылы қастандық жасалды" кездейсоқ шындыққа жанасады және "Эрцгерцог Франц Фердинанд 1914 жылғы қастандықтан аман қалды" деген кезейсоқ жалған).
Дереккөздер
Санат:Логика Санат:Модалды логика