Тарылған – Шу алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысы Меркі, Шу аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 42 км, су жиналатын алабы 185 км2.

Бастауы Кіндіктас тауының оңтүстік-батыс беткейінен бастау алып Шу өзеніне 10 км жетпей тартылып қалады.

Гидрологиясы Жағасы өн бойы жарлы келген. Қар, жер асты суымен толығады. Көктемде деңгейі көтеріліп тасиды. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Жағалауы шабындық, мал суаруға пайдаланылады.Тараз энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы өзендері Санат:Шу ауданы өзендері Санат:Шу су алабы