Тарих-и Хайдари – парсы тарихшысы Хайдар бен Хусайни Разидің шығармасы. Ол «Тарих-и Хайдариді» 1611 ж. бастап, 1619 ж. 35 жасында аяқтады.

Еңбек тарихи-географиялық сипатта жазылып, 5 тарауға бөлінген. Әр тарау белгілі бір аймаққа арналған. Шығармада тарихи деректер мол. Мысалы, Жошы әулеті тарихын баяндайтын Ақ орда мен қазақ хандары және сұлтандары жайлы мәліметтер қамтылған. «Тарих-и Хайдаридің» жалғыз нұсқасы Санкт-Петербургте, Салтыков-Щедрин атындағы кітапханада сақтаулы. Мұның орыс тіліне аударылған үзіндісі Тизенгаузен жинағында жарияланған.Стори Ч., Персидская литература, ч. 1, М., 1972Тизенгаузен В.Г., Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды, т. 2, М.–Л., 1941.Тараз энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1619 жылы шыққан кітаптар Санат:Қазақстан тарихы Санат:Ақ Орда тарихы