Мәскеу қоршауы (1439) — татар ханы Ұлы Мұхаммедтің Мәскеуді он күндік қоршауы.

Ұлы Мұхаммед II Василий әскерін Белёв шайқасында жеңіп, біраз уақыттан кейін Мәскеуге жақындады. II Василий қаланы воеводалардың қарауына қалдырып, өзі татарлар жете алмайтын Заволжье ормандарына кетті. Мәскеуді қорғау ұлы князьдің бажасы, Ұлы Литов кінәздігінен шыққан Юрий Патрикеевичке тапсырылды. Ол өзін қабілетті ұйымдастырушы ретінде көрсетті. Дмитрий Донской салдырған ақ тастан қаланған Кремльге татарлардың шабуылдары нәтижесіз болды. Нәтижесінде татарлар маңайды тонап, көптеген тұтқындарды алып кетуге мәжбүр болды. Кері қайтып бара жатып, Ұлы Мұхаммед Коломнаны өртеп жіберді.Пчёлов, Е. В. Монархи России. М., 2003. — C. 257

Татарлар кеткеннен кейін, II Василий Заволжьеден оралды, бірақ біраз уақыт Переяславль-Залесскийде тұрып, Мәскеуді басқаруды туысы Дмитрий Юрьевич Красныйға тапсырды.Борисов, Н. С. Иван III. Отец русского самодержавия. — 2-е изд. — М.: Академический проект, 2017. — С. 60-61

Дереккөздер

Санат:Мәскеу кінәздігі шайқастары Санат:Алтын орда шайқастары Санат:1439 жылдағы Ресей