Адам ата бекінісі — Әбілқайыр ханның ордасы. А.И.Макшеевтің айтуы бойынша ол Қаратөбеден оңтүстікке қарай 25 верст (26,6 км) қашықтықта ескі арна бойында орналасқан. Қаратөбе – Қазалы ауданы Абай ауданының іргесінде жатқан ортағасырлық қалашықтың орны. Барлау жұмыстары барысында бұл арақашықтық ОР8 құралымен өлшенді. Қаратөбе қалашығы мен Адам ата бекінісінің ара қашықтығы 27,6 км-ге тең, Макшеевтің өлшемінен айырмашылығы 1 км ғана. Қазіргі уақытта бұл жерде үлкен қорым қалыптасқан, жергілікті халық оны «Адам ата қорымы» деп атайды. Қорым ортасында 100-ге жуық тораңғыл ағашы өскен. Зерттеу барысында табылған керамика, силикат және кашин өнімдері коллекциясы және күміс тиын бойынша қоныстың ерте кезеңін 13–15 ғасырлармен салыстыруға болады. Табылған деректер бойынша Адам ата кешені Алтын Орда кезеңінде пайда болып, кейінгі орта ғасырларға дейін халықтың қоныстарын және бірнеше кезеңнен тұратын қорымның қалыптасқандығын білдіреді.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024.

Дереккөздер