Виктор Валерийұлы Темірбаев (16 шілде 1967, Павлодар) — қазақстандық дипломат, елші. І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.
Өмірбаяны 1967 жылы 16 шілдеде Павлодарда дүниеге келді.
Білімі 1993 жылы Мәскеу электронды машина жасау институтын “радиоинженер-құрылысшы”, 1999 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын “халықаралық қатынастар” мамандығы бойынша тәмамдады.
Мансабы 1986—1988 — КСРО Қарулы Күштерінде әскери қызмет: 1991—1993 — “Қазақстан қаржы-өнеркәсіптік тобы” АҚ менеджері; 1993—1994 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті; 1994—1994 — Мемлекеттік протокол басқармасының референті; 1994—1997 — Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысі; 1999—2003 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі; 2003—2005 — Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің бірінші хатшысы; 2005—2006 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік мәселелері департаментінің бөлім бастығы, Азия ынтымақтастығы департаментінің бөлім бастығы; 2006—2007 — АӨСШК Хатшылығының саяси бөлімінің басшысы; 2007—2008 — “Қазына” ТДҚ АҚ өкілдігі басшысының орынбасары; 2009—2010 — «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Корпоративтік даму департаментінің директоры; 2010—2018 — Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі; 2018—2022 — Қазақстанның Литвадағы елшісі; 2019—2019 — Қазақстанның Латвиядағы елшісі; 2022 — Қазақстанның Болгариядағы елшісі.
Жеке өмірі Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.
Әкесі Валерий Батаевич Темірбаев (1941 туған) — Қазақстанның Ресейдегі (1993—1994), Беларусьтегі (1994—1996), Түрікменстандағы (1996—1999) елшісі және ТМД Жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкілі (1995—1996).
Орыс, ағылшын және испан тілдерін меңгерген.
Марапаттары мен атақтары І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның Болгариядағы елшілері Санат:Қазақстанның Латвиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Литвадағы елшілері Санат:Қазақстан дипломаттары