Магдебургтегі топқа көліктің соғуы — 2024 жылғы 20 желтоқсанда Германияның Магдебург қаласында болған жаппай кісі өлтіру оқиғасы. Кешкі уақытта BMW көлігінің жүргізушісі әдейі көлікті Рождестволық жәрмеңкедегі адамдарға қарай бағыттаған.

Алғышарттар Магдебург — Германияның Саксония-Анхальт федералды жерінің астанасы. Қалада жыл сайын Рождестволық жәрмеңке өткізіледі, ол әкімдік пен ірі сауда орталығының маңында орналасқан.

Шабуыл Берлиндегі Рождестволық базарға жасалған жүк көлігінің шабуылының сегіз жылдығынан кейінгі күні болды. Бұл шабуылды «Ислам мемлекеті» ұйымдастырған, нәтижесінде он екі адам қаза тауып, 56 адам жарақат алды. Шабуылдан екі апта бұрын Баварияның Аугсбург қаласындағы Рождестволық базарға шабуыл жоспарлады деген күдікпен ирак азаматы ұсталған болатын.

Оқиғалар Оқиға жергілікті уақыт бойынша 19:04-те болған, күңгірт түсті BMW бір топ адамды қаққан. Жүргізуші бірден ұсталды. Қала баспасөз хатшысы Майкл Рейф бұл оқиғаны "Рождестволық базарға жасалған шабуыл" деп атап, лаңкестік актінің болғанын растады.

Шығындар Саксония-Анхальт премьер-министрі Райнер Хазелоффтың айтуынша, кемінде екі адам — ересек және бала қаза тапты, ал 68 адам жарақат алды. Магдебург қаласы кемінде он бес адамның ауыр жарақат алғанын, 37 адамның орташа дәрежеде жарақат алғанын және 16 адамның жеңіл жарақат алғанын хабарлады. Жергілікті жедел жәрдем қызметтерінің мәліметтері бойынша, 60–80 адам зардап шеккен. Кемінде 20 зардап шегуші Магдебург университетінің ауруханасына жеткізілді.

Салдары Магдебург полициясы азаматтарды үйлерінен шықпауға шақырды. Эрфурттағы Рождестволық базар тазартылды, бірақ Саксония-Анхальттың ең үлкен қаласы Галле жергілікті билігі қауіпсіздік шараларын күшейтпеді.

Күдікті DW басылымының хабарлауынша, Магдебургтегі Рождестволық базарға келушілерді бар жылдамдықпен қаққан көлік жүргізушісінің Сауд Арабиясының тумасы екені анықталды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ол Германияда психиатр болып жұмыс істеген және Бернбург қаласында тұрған. Бұл қала Магдебургтен 50 км жерде орналасқан. Күдіктінің Германияда ұзақ тұруға рұқсаты болғаны хабарланды.

Сонымен қатар оның Сауд Арабиясынан келген әйелдерге елден қашуға көмектесу бойынша кеңес беріп жүргені туралы ақпарат пайда болды. Оның осы тақырыпта арнайы жеке веб-сайты болған және ол Германияда саяси баспана беру мәселелерімен де айналысқан.

Реакция : Германия канцлері Олаф Шольц X платформасында: «Магдебургтен жеткен хабар нашар болжам жасауға мәжбүрлейді. Құрбандардың жақындарына көңіл айтамын. Біз солардың, Магдебург тұрғындарының жағындамыз. Осы қиын сағаттарда құтқару қызметтеріне ризашылығымды білдіремін» - деп жазды.

Магдебург полициясы өкілінің мәлімдемесіне сәйкес, қылмыскердің өз бетінше әрекет еткен-етпегені әлі белгісіз. Ол «рождестволық базар арқылы кем дегенде 400 метр жүрді» дейді полиция. Халықаралық : Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі шабуылды айыптап, неміс халқымен ынтымақтастық білдіріп, құрбандарға қолдау көрсетті. : Франция президенті Эммануэль Макрон шабуылға байланысты «қатты қайғырғанын» мәлімдеді. : Италия премьер-министрі Джорджия Мелони шабуыл құрбандары мен олардың отбасыларына көңіл айтты. : Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан дұға оқып, құрбандардың отбасыларына көңіл айтты және шабуылды «жиркенішті әрекет» деп атады. : Испания премьер-министрі Педро Санчес Олаф Шольцпен сөйлесіп, құрбандарға, олардың отбасыларына және бүкіл неміс халқына қолдауын білдірді. : Польша президенті Анджей Дуда шабуылдан «қатты күйзелгенін» айтып, құрбандар мен олардың отбасыларына көңіл айтты. : Шабуылдан кейін Нью-Йорк полиция департаменті Рождестволық жәрмеңкелердегі қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Дереккөздер

Санат:Германиядағы жаппай кісі өлтіру оқиғалары Санат:2024 жылы жасалған жаппай кісі өлтіру оқиғалары Санат:Автокөліктерді пайдалану арқылы жасалған террористік актілер Санат:2024 жылдағы Германия Санат:Магдебург Санат:2024 жылғы апаттар