Преображенка — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, Қойгелді Аухадиев ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан шығысқа қарай 32 км жерде орналасқан.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1862 1618 1159 71,6 793 599 75,5 825 560 67,9
Тарихы Іргесі 1960 жылы қаланған. 1966-96 жылдары сүтті ірі қара мал өсіретін ұжымшардың орталығы болды. Ұжымшар негізінде Преображенкада және округтегі ауылдарда өндіріс кешені және шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл арқылы Көкпекті — Самар — Өскемен автомобиль магистралі өтеді.
Дереккөздер
Санат:Көкпекті ауданы елді мекендері