Вировитица-Подравина жупаниясы () — Хорватияның солтүстік-шығысында орналасқан жупания. Жупанияның атауы әкімшілік орталығы — Вировитица қаласы мен Драва өзені бойында, Мажарстанмен шекаралас Подравина тарихи аймақта орналасқан.

Географиясы Жупанияның аумағы — 2024 км². Шығысында жупания Осиек-Баранья жупаниясымен, оңтүстігінде Пожега-Славония жупаниясымен, оңтүстік-батысында Беловар-Билогора жупаниясымен, солтүстік-батысында Копривница-Крижевци жупаниясымен шектеседі. Солтүстігінде Вировитица-Подравина жупаниясы Мажарстанмен шекараласады, шекара Драва өзені бойымен өтеді. Жупания аумағында Будапешт — Баня Лука және Вараждин — Осиек бағытындағы маңызды теміржол және автокөлік магистральдары орналасқан.

Халқы және әкімшілік бөлінісі 2001 жылғы халық санағының мәліметтері бойынша жупания аумағында 93 389 адам тұрғанЕлді мекендер бойынша халықтың жыныс және жас бойынша таралуы — Хорватияның статистика бюросы. , олардың 89,5 % — хорваттар, 7,1 % — сербтер, 0,3 % — мажарларҚалалар мен қауымдастықтар бойынша ұлттар  — Хорватияның статистика бюросы .

Жупания үш қала мен 13 қауымдастыққа бөлінеді (2001 жылғы мәліметтер бойынша).

Қалалар: Вировитица, жупанияның әкімшілік орталығы, халық саны 15 589 адам Слатина, халық саны 10 920 адам Ораховица, халық саны 4262 адам

Қауымдастықтар: Црнац Чачинци Чаджавица Градина Лукач Миклеуш Нова Буковица Питомача Сопье Сухополе Шпишич Буковица Вочин Зденци

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Жупанияның ресми сайты

Санат:Хорватия жупаниялары