Қасым Қажыбайұлы Төлебеков (31 қазан 1935, Петропавл, Қарағанды облысы, Қазақ АКСР, РКФСР — 3 қыркүйек 2014, Алматы) — кеңестік және қазақстандық партия әрі мемлекет қайраткері. Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1988-1991).
Өмірбаяны Алматы малдәрігерлік институтын және Қазақстан КП ОК қарамағындағы Жоғарғы партия мектебін бітірген. 1967 жылдан бастап КОКП мүшесі болды.
Ұзақ уақыт бойы Қазақстан КП (Солтүстік Қазақстан облысы) Булаев аудандық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1985—1987 жылдары — Қостанай облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1987—1988 жылдары — КОКП Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшысы, 1988—1991 жылдары — КОКП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы, 1990—1991 жылдары — Алматы халық депутаттары Кеңесінің төрағасы.
1992 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін — Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары болды.
«1980 жылы мемлекетке миллиард пұт астық сату жөніндегі жоспарлар мен социалистік міндеттемелерді орындауда қол жеткізген зор табыстары жәненан және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және сатып алудағы оныншы бесжылдықтың жоспарын асыра орындағаны үшін» 1981 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылым депутаты. Қазақ КСР №132 Алматы-Фрунзе ұлттық-аумақтық сайлау округінен КСРО халық депутаты (1989-1991).
Марапаттары Социалистік еңбек ері (19.02.1981). «Ленин» ордені (19.02.1981) «Ленин» ордені «Қазан төңкерісі» ордені «Еңбек Қызыл Туы» ордені «Еңбек Қызыл Туы» ордені «Халықтар достығы» ордені «Құрмет Белгісі» ордені
Дереккөздер
Санат:Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қостанай облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан КП аудандық комитеттерінің бірінші хатшылары Санат:Алматы облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XXVII съезінің делегаттары Санат:Алматыда жерленгендер