Қаракенелі – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылынан оңтүстікке қарай 65 – 70 км жерде орналасқан тау. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр, ені 8 – 10 км. Абсолюттік биіктігі 988 м.
Жер бедері, геологиясы Сай, аңғарлармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Ортаңғы және жоғарғы тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, бұта өседі. Бұлақтарға бай. Қаракенелі атырабында жазғы жайылымдық пен мал қыстаулары (Ақшағыл, Текіш) бар.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары