Асқат Қайзоллаұлы Дауылбаев (22 қараша 1962, Ақтөбе) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Бас Прокуроры (2011—2016). I дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі.
Өмірбаяны 1962 жылы 22 қарашада Ақтөбеде дүниеге келді.
Білімі 1987 жылы Свердлов заң институтының сот-прокуратура факультетін “заңгер” мамандығы бойынша үздік тәмамдады.2005 жылы “Қазақстан Республикасындағы заңдардың ресми нормативтік түсіндірмесі” тақырыбында жоба қорғап заң ғылымдарының кандидаты атанды. 2006 жылы доцент атанды.
Мансабы
1980—1987 — «Динамо» Ақтөбе облыстық кеңесінің қызметкері; 1987—1992 — Алматы қаласы Октябрь ауданы прокурорының стажер, тергеуші, көмекшісі, аға көмекшісі, Калинин, Октябрь аудандары прокурорының орынбасары; 1992—1994 — Алматы қаласы прокуратурасының басшысы; 1994—1994 — Алматы қаласының Аралық coты төрағасының орынбасары; 1994—1997 — Қазақстан Бас прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы; 1997—1999 — Қазақстан Әділет министрінің орынбасары, Әділет біліктілік алқасының төрағасы; 1999—1999 — Қазақтелеком вице-президенті – бас әкімшілік директоры; 1999—2001 — Қазақстан Парламенті Мәжілісінің II сайланым депутаты, Экология және табиғи ресурстарды басқару комитетінің мүшесі, «Әділет» депутаттық тобының төрағасы; 2001—2011 — Қазақстан Бас Прокурорының орынбасары; 2011—2016 — Қазақстан Бас Прокуроры; 2016—2022 — Қазақстан Конституциялық Кеңесінің мүшесі.
Жеке өмірі Үйленген, 3 ұлы бар — Рахат (1985 туған), Айдар (1987 туған) және Ілияс.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Бас Прокурорлары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің II шақырылымының депутаттары Санат:Заң ғылымдарының кандидаттары Санат:Орал мемлекеттік университеті түлектері