Александр Яковлевич Клебанов (27 сәуір 1963, Алматы, Қазақ КСР) — қазақстандық кәсіпкер, миллионер.https://forbes.kz/ranking/75_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2024
Сын 2022 жылы Павлодар облысындағы Екібастұз қаласы 27 қарашаға қараған түні 100 мыңға жуық тұрғын -30 градустық аязда Клебановтың өзі басқаратын ЖЭО қазандықтардың тоқтап қалуына байланысты жылусыз қалды. Бұл — жыл басынан бері болған екінші жағдай. 28 қараша күні Екібастұзда төтенше жағдай жарияланып, тергеу басталды. Ал Клебанов болса апат болған ЖЭО мемлекетке 1 ₸ сатуға дайын болды .
Еңбек жолы 1986—1988 — Алматыдағы қазақ ғылыми-зерттеу тері-венерологиялық институтының кіші ғылыми қызметкері. 1990—1996 — Ақтөбе ферроқорытпа зауытының «Хром» спорт командасының дәрігері. 1996—2000 — Қазақстандағы Airfinance Europe LTD өкілдігінің директоры. 2000—2006 — Қазақстан президентінің әкімшілігі «Бүркіт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры. 2007 — 2024 «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы .
Байлығы Клебановқа электр мен жылу энергиясын өндірумен, берумен, бөлумен, сатумен айналысатын және “Павлодарэнерго” АҚ, “ Севказэнерго” АҚ және “Ақмола облыстық энергетикалық комиссиясы” АҚ кіретін “Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясының” 47 % тиесілі . Жыл Байлығы Орны2024815 млн $ ел бойынша 122023398 млн $ ел бойынша 202022580 млн $ ел бойынша 152020374 млн $ ел бойынша 152019390 млн $ ел бойынша 172018263 млн $ ел бойынша 242017165 млн $ ел бойынша 322016180 млн $ ел бойынша 282015317 млн $ ел бойынша 222014260 млн $ ел бойынша 242013225 млн $ ел бойынша 282012198 млн $ ел бойынша 27
Отбасы
Жұбайы — Дарья Владимировна Клебанова (1963 ж.т.) — Қазақстан парламенті мәжілісінің 3-, 4- және 5-сайланым депутаты (2004—2012), ”Рахат-ТВ” телеарнасының (қазіргі Alatau) президенті (1994—2007) . Баласы — Яков Александрович Клебанов (1984 ж.т.) — 2020 жылы байлығы 119 млн $ бағаланды . “Rixos Almaty” қонақ үйі құрылтайшыларының бірі Circle Maritime Invest қазақстандық кеме компаниясына Сергей Канмен бірге иелік етеді. Одан бөлек, уран мен молибден өндіретін Степногор тау-кен-химия комбинатының 40 % тиесілі Англияда тіркелген Degevol UK LTD компаниясының 49 % мен “Prime Business” ЖШС иелік етеді.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кәсіпкерлері