нобай|2018 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өтетін орны
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары () — этникалық спорт түрлерінен өтетін халықаралық спорт жарыстары. Жарыстар Орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының халық ойындарына негізделген.
2016 жылы екінші Көшпенділер ойындарының ашылуында 1000 қомызшы бірігіп бір күй тартты. Бұл рекорд Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Тарихы «Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының» бастамашысы Алмазбек Сәрсенұлы Атамбаев басқаратын Қырғыз Республикасы болды, ойындарды жоғары мемлекеттік деңгейде өткізуді қолдады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көшпелі халықтардың мәдени мұрасын, спорттық шеберлігін және дәстүрлі спорт түрлерін паш ететін, әртүрлі елдердің халықтары арасындағы мәдени байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетін алаңға айналды.
2012 жылы Бішкекте өткен түркітілдес елдердің саммитінде Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Қырғыз Республикасының президенттері Бішкек декларациясына қол қойды.
Мақсаты мен міндеттері
Қатысушы елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту арқылы дүние жүзіндегі көшпелі халықтардың мәдениетін сақтау және жаңғырту. Әлемнің көшпелі халықтарының ұлттық спорт түрлерін сақтау және халықаралық деңгейге көтеру. Қызметі әлемде этникалық спортты дамытуға және насихаттауға арналған мекемелерді қолдау.
Ойындарды өткізудің қосымша мақсаты — ойындарды өткізетін елдің туристік әлеуетін арттыру.
Бірінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Бірінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2014 жылғы 9—14 қыркүйекте Қырғызстанның Ыстықкөл облысының Шолпаната қаласында өтті. Оларға 19 елдің спортшылары қатысты: Әзербайжан, Аустрия, Ауғанстан, Беларусь, Бразилия, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Франция, Швеция, Оңтүстік Корея.Первые в истории «Всемирные Игры Кочевников» 19 стран-участниц
Спортқа 771 адам қатысты. Оның 583-і спортшы болса, 188-і жаттықтырушы мен төреші.
Ат спортына 230 жылқы тартылды.
Мәдени бағдарламаға 1200 адам қатысты.
Телехабар 230 000 000 әлеуетті аудиториясы бар 40 елді қамтыды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресей Федерациясы құрамасы сапында Башқұртстанның өкілдері (36 адам) қатысты. Олар спорттың 11 түрінен сынға түсті.
Спорт түрлері Алыш Асық ату Көкпар Теңге ілу Ашыртмалы аба гюреши Көрәш Маст-рестлинг Тоғыз-құмалақ Овари Дәстүрлі садақ ату Көк бөрі Ордо Бәйге Аударыспақ Қазақ күресі Кураш Powerful Nomad күштілердің сайысы Мангала Жамбы ату Құсбегілік
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2016 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2016 жылғы 3—8 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Шолпаната қаласында өткен екінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. 2016 жылғы Ойындарға 80 елдің, оның ішінде дәстүрлі көшпенді емес елдердің спортшылары қатысты.Kyrgyzstan kicked off the World Nomad Games
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2018 2018 жылы қыркүйекте Қырғызстанның Шолпаната қаласында Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Ойынға 66 елден 1,5 мыңнан астам спортшы қатысып, дәстүрлі спорттың 37 түрі бойынша сынға түсті. Командалық бірінші орынды Қырғызстан құрамасы, екінші орынды Қазақстан, үшінші орынды Ресей құрамасы иеленді.
Мәдени бағдарлама Ойындар әртүрлі этномәдени бағдарламамен сүйемелденді. Осы мақсатта бірінші Көшпенділер ойындары аясында Қыршын трактінде киіз үй қалашығы орнатылып, жарыс бағдарламасына енбеген басқа ұлттық ойындардан көрсетілім қойылымдары, басқа да ойын-сауық шаралары ұйымдастырылды.
Ойындардың өткен жылдары мен орны № Ойын Жыл Қала Ел Саны Саныелқатысушыспортшықатысушы спортпәндері спорттүрлері I 2014 Шолпаната Қырғызстан19583 II 2016 Шолпаната Қырғызстан60100023Подробная программа Всемирных игр кочевников здесь III2018 Шолпаната Қырғызстан661500 астам37IV2022 Изник Түркия100 астам3000 астамV2024 Астана Қазақстан85 астам2000 астам21
Шағын көшпенділер ойындары Ел ішінде халықтық спортты белсенді дамыту үшін жыл сайын Қырғызстанның аймақтарында Кіші көшпенділер ойындары өткізілетін болды.
Тағы қараңыз Орталық Азия ойындары
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресми сайт Ресми сайт (2024)
Санат:Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Санат:Қырғызстандағы спорттық жарыстар Санат:Азиядағы спорттық жарыстар