Құрөзек (Жартоған) — Іле алабындағы өзен, Ақсеңгір өзеннің салаларының бірі. Алматы облысы, Жамбыл ауданы жерімен ағады. Сипаттамасы Географиясы Ұзындығы 23 шақырым. Шилі қыраттарынан бастау алады. Бастауының биіктігі теңіз деңгейінен 787 метр биіктікте. Солтүстікке қарай ағады да, Қараөзек қыстағынан өткен соң солтүстік шығысқа бұрыладыretromap.ru. Жайсан ауылы тұсында Ақсеңгір өзеніне құяды. Сағасының биіктігі 656 метр.

Жол-жөнекей қыраттардан аққан сулармен толығады. Көбіне қорегі - жауын-шашын. Арнасы жиі құрғап қалады да, атауы солай қойылған. Дереккөздер

Сілтемелер Топографиялық карта

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері