Қашаған би Әуелұлы (1820, қазіргі Алматы облысы, Шелек ауданы – 1905) — Ұлы жүз Бәйдібек бабаның Албан, оның ішінде Қызылбөрік аталығынан шыққан атақты шешен, би.Жетісу – 1993 жыл, 20 мамыр
Әңгімелер Жас кезінде бір құрдасы Қашағанға:
– Өзіңе атың сай келмейді-ау - дегенде Қашаған: – Тіл көзден құдай сақтасын, - деп атымды тергеп қойған болар, - деген екен.
Қызылбөрік Мақсұт Қашағаннан:
– Елдің билігі неден бұзылады? - деп сұрайды. – Өсек пен көре алмаушылықтан, - деп жауап беріпті би.
Орманбек батыр бірде Қашағаннан:
– Қарадан хан туа ма? - деп сұрайды. – Ешкім анадан хан болып тумайды. Хан болу адамның даналығында - деп жауап беріпті Қашаған би.
Бірде бір атақты бай:
– Қашекем, армандамайтын адам бола ма? - дегенде: – Армандамайтын адам жоқ. Қолы жетпейтінді армандағанша, еңбегіңмен жететінді армандап, зейнетін көрген жақсы - депті.
Орман шешен Қашаған биден:
– Қашекем, кімді пір тұтасыз? - деп сұрағанда, – Анам мен әкемді, елім мен жерімді пір - деген екен.
Қашағанның содырлау бір құрдасы:
– Сені ел көрген дейді, сол рас па? - депті. – Халқым көргенді мен де көрем, - дейді Қашаған.
Бірде Сырлыбай датқа Қашаған биде қонақта отырып:
– Дүниеде не жаман? — деп сұраған екен. Қашаған би: – Ынтымағы жоқ ел жаман. Бәрінен де халыққа қадірсіз болған сол жаман - дейді Қашаған.
Қашағанның қартайған шағында Солтанбек болыс биден:
– Еліңізге болашақта не тілер едіңіз? — дегенде би: – Абылайдан бірлігі болса, Райымбектей қорғаны болса, Төле бидей ғұламасы болса, бейбіт өмір тірлігі болса, құдайдан осыны тілер едім — депті.https://bilim-all.kz/article/9480-Qashagan-biҚазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер — Алматы: Жеті жарғы, 2006. 8-том, 424 бет.
Дереккөздер
Санат:Қазақ би-шешендері