Кенбай газ-мұнай кен орны — Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Доссор теміржол бекетінен шығысқа қарай 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Кен орнының құрылымы 1981 жылы сейсмикалық барлау және құрылымдық бұрғылау нәтижесінде анықталған.

Жатыс сипаты, құрамы Кенбай газ-мұнай кен орны Солтүстік Қотыртас және Шығыс Молдабек деген екі кеніштен тұрады. Мұнайға қаныққан қабаттардың қалыңдығы 1,2-16,6 м, газды қабат 1,2-11,0 м. Мұнайдың тығыздығы 0,807 – 0,973 г/см3.Мұнай және газ терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы-геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: APHgroup, 2000. — 328 бет.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнай кен орындары Санат:Атырау облысы кен орындары