Эмине Семие Онасья (Эмине Вахиде деп те танымал, 28 наурыз 1866 жыл, Константинополь – 1944, Ыстанбұл) — түрік жазушысы, мұғалім, белсенді және алғашқы феминисттердің бірі.
Өмірбаяны Эмине 1866 жылы 28 наурызда Константинопольде дүниеге келген. Ол Ахмед Джевдет пашамен Адвие Рабия Ханымның екінші қызы және жазушы Әлие Фатманың әпкесіhttp://turkoloji.cu.edu.tr/YENI%20TURK%20EDEBIYATI/sk_modernlesme/sk_modernlesme.htm. Эмине Семие жеті жыл бойы Франция мен Швейцарияда психология мен әлеуметтануды оқыды. Ол Еуропада білім алған алғашқы Осман империсының мұсылман әйелдерінің бірі болды.
1882 жылдан бастап Эмине Семие Ыстанбұлда және басқа қалаларда түрік тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Ол қыздар мектебінде инспектор және Сисли Эфтал ауруханасында кіші медбике болып жұмыс істеді. Эмине «Пікір» және «Ханымдарға арналған газет» газеттерінде жарияланған білім және саясат туралы мақалаларды жазды. Ол 1893 жылы «Hulasa-i Ilm-i Hesap» атты математика оқулығын жазып шығардыhttps://books.google.com/books?id=Vq5Rvpzo_UsC&pg=PA226&lpg=PA226&dq=emine+semiye&source=bl&ots=jC5bG8mZlp&sig=MR2Pb8XWh-2Q2vEqBy_Kxmvxbes&hl=en&redir_esc=y#v=onepage&q=emine%20semiye&f=false. Эмине Семиенің ең танымал шығармалары – «Кедейлік» және «Тозақ шұңқыры» хикаялары.
Әпкесі Әлие Фатмамен бірге Эмине Осман империясындағы әйелдер құқығын қорғау қозғалысының ең маңызды тұлғаларының бірі болып саналады. Ол бірнеше қайырымдылық ұйымдарын құруға қатысты, олардың мақсаты әйелдерге көмектесу болды. Эмине әйелдердің құқықтарын кеңейту үшін де күресті. Ол «Бірлік және прогресс» партиясының, сондай-ақ Осман Демократиялық партиясының мүшесі болды. 1920 жылы Эмине Семие Түрік баспасөз қауымдастығының басқарма құрамына кірдіhttp://www.questia.com/read/121164961/istanbul-under-allied-occupation-1918-1923 . Жеке өмірі Эмине ұзақ уақыт бойы Парижде тұрды. Ол екі рет тұрмыста болды. Бірінші күйеуінің аты Мұстафа бей, екіншісі Решит паша. Екі неке де ажырасумен аяқталды. Эминенің Джевдет Лагаш деген ұлы болды. Эмине Семие 1944 жылы Ыстанбұлда қайтыс болды.
Дереккөздер
Санат:Түркия қоғам қайраткерлері Санат:Түркия жазушылары