Логиком — қазақстандық компания, өз брендімен шығаратын компьютерлік техниканың ірі өндірушісі. Компания корпоративтік желі және шағын кәсіпкерлікте бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге не енгізуге маманданған, өзінің бөлшек сауда желісі мен қызмет көрсету орталықтары бар, сонымен қатар, электрондық коммерцияны жүзеге асырады.

Компания құрылымы және иелері Логиком Қазақстанның 17 қаласында 36 бөлшек сауда және сауда желі дүкендерінен тұрады. Штаб-пәтері Алматыда орналасқан. Қызметкерлер саны 1000 адам. Компанияның дилерлік желісінде 500-ден астам серіктесі бар. Логиком Қазақстандағы Microsoft-тың ресми серіктесі болып табылады. 2013 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша Логиком жылына 600 мың дербес компьютерлерді құрастыру бойынша өзіндік өндірістік қуаты бар Қазақстандағы ең ірі компания.

Логиком президенті Сергей Швалов.

2013 жылғы сәуірде Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттығында Логиком АҚ-ның 100% жай акциясы 44 млн долларға сатылды. Компания басшылығы KASE биржасына 2013 жылғы 11 сәуірден бастап Логиком АҚ-ның жалғыз 100% қатысушы-акционері KS8 Holding B. V. компаниясы болғанын хабарлады.

Дереккөздер

Санат:Алматы компаниялары Санат:Қазақстанның қаржы компаниялары