Қараеспе – Сарысу алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 52 км.
Бастауы Қараматақ, Ешкіөлмес таулары беткейлеріндегі бұлақ суының қосылуынан құралып, Ақадыр темір жол станциясының оңтүстік-шығысына 7 км жетпей Құрманбай қыстауы маңында тартылып қалады.
Гидрологиясы Арнасы тік жарлы. Қар, жер асты суларымен толығады. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Жылдық орташа су ағымы 0,060 – 0,070 м3/с. Суы мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы