Хотя бы кинода 3 — Қайрат тағы да қиындыққа тап болады, бұл жолы ол екі қылмыстық топтың арасына түседі, бірақ ол қытайлық кунг-фу мектебіне тығылып үлгереді. Қайрат науқас анасын аман алып қалу үшін команда жинап, бұрынғы қазақ олигархтарының жоғалған алтындарын табуға дайындалып жатыр.
Сюжеті Қайрат түрмеден шыққан соң бірден науқас анасын құтқарудың амалын іздейді. Дәрігерлердің қойған диагнозы аяусыз болып шығады: анасының өмірін сақтап қалу үшін Қытайдан қымбат медициналық құрал-жабдықтар мен миллион доллар тұратын дәрі-дәрмек алу керек. Ақшасы мен тұрақты жұмысы жоқ Қайрат түрмеде отырған бұрынғы олигархтардың көмегіне жүгінеді. Олар көмектесуге келіседі, бірақ шарты бар: Қайрат Қытайға бір машина астық жеткізуі керек. Таңдау алдында тұрған Қайрат келіседі.
Қытай шекарасынан өтіп бара жатқан Қайрат пен оның жүргізушісін белгісіз қылмыстық топ тоқтатып, шабуыл жасайды. Екеуі есінен танып қалады. Қайрат есін жиса, Қытайдың «Кунг-фу мектебіне» түседі. Жергілікті тұрғын оған көліктері өртеніп кеткендіктен өзін және жүргізушіні құтқарып қалғанын түсіндіреді. Қайрат бірден Қазақстандағы олигархтармен байланысып, болған оқиғаны хабарлайды. Олар жоғалған жүктің ішінде бағалы алтын болғанын мойындап, оны табуды талап етеді, әйтпесе анамды енді көрмейтінін айтып қорқытады. Енді Қайрат жүктің ұрлануының құпиясын ашуы керек. Оған кунг-фу мектебінің мұғалімдері мен оқушылары көмектеседі.
Қызықты фактілер Кинода Бишимбаевқа ұқсас кейіпркердің болуы. Джеки Чанның киноға шақырылуының ықтымалдығы.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресми трейлер
Санат:2024 жылғы Қазақстан фильмдері Санат:Қазақ тіліндегі фильмдер Санат:Орыс тіліндегі фильмдер Санат:2024 жылғы Қазақстан кинокомедиялары Санат:Дастан Садманов фильмдері