«Адамның жаратылуы» () — Микеланджелоның шамамен 1511 жылы салынған фрескасы.
Бұл ең жиі көшірілетін дін тақырыбындағы суреттердің бірі.
Суреттің сипаттамасы Фреска — Жаратылыс кітабының тоғыз тақырыбына арналған Сикстин капелласы төбесіндегі суретші салған тоғыз суреттің төртіншісі.
Фрескада мына эпизод бейнеленген: Құдай адамды өз бейнесінде жаратты.
Талдау Зерттеушілер Микеланджелоның адам анатомиясында терең білімі бар екенін назарға алып, суреттегі Құдай бейнеленген жақты сәйкесінше талдауға тырысқан.
Біреулер мұнда адам миының пішіні көрсетілген деп тапса, басқалар қызыл шекара жатырды, ал жасыл мата кіндікбауды бейнелейді деп пайымдайды.
Сондай-ақ суреттің сол жағындағы Адам бейнесінде артық қабырға салынғаны байқалған. Бұл Көне келісімде жазылғандай, «Хауа ана Адам қабырғасынан жаратылған» деген үзіндіге сілтейді.
Дереккөздер
Әдебиет Day, Fergus & Williams, David (ed.) (1998). Art: A World History Meshberger, Frank Lynn. «An Interpretation of Michelangelo’s Creation of Adam Based on Neuroanatomy», JAMA. 10 October 1990; 264(14):1837-41. Stokes, Adrian (1955). Michelangelo: A Study in the Nature of Art Letters in comment: JAMA. 6 March 1991; 265(9):1111.
Санат:Фрескалар Санат:Микеланджело