Волынь облысы () — Украинаның солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Әкімшілік орталығы және ең үлкен қаласы - Луцк. Облыс Шығыс Еуропа жазығының батыс бөлігінде Припять және Батыс Буг өзендерінің алабында орналасқан. Батыста Польшамен, солтүстігінде Беларусьтің Брест облысымен, шығысында Ровно, оңтүстігінде Львов облыстарымен шектеседі. Волынь облысы 1939 жылы 4 желтоқсанда құрылған. 1 020 770 адам (2022).
Дереккөздер
Санат:Волынь облысы